Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

Балуан ашқан бөбекжай

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ күресінен әлем чемпионы, «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев Тараз қаласынан 200 орындық бөбекжай ашты. Жуырда ғана тараздық тұрғындар жақсы іске куә болып, бөбекжайдың ашылу салтанатын тамашалады. Балуан салып берген бөбекжай екі қабатты еңселі ғимаратта орналасқан. Елбасының «Туған жерге туыңды тік!» акциясы аясында бастау алған игі бас­тама балалардың болашағы үшін қолға алынып отыр.

Балуан ашқан бөбекжай

Аталған балабақшаның мең­геру­шісі, Қазақ­стан Республи­касы Білім беру ісінің үздігі Айша Нияз­бекованың айтуынша, мұнда 1 жастағы бөбектер тобынан бастап, 6 жастағы мектепалды даярлық тобына дейінгі балалар қабылданады екен. Ал бүгінгі таңда бөбекжайда 4 топ бойынша 50-ге жуық бала қабылда­нып, жұмыс басталып кетіпті. Сонымен қатар бөбекжайда келешекте 8 топ жасақталып, 35 адам жұмыспен қамтылады деп жос­парланса, қазіргі кезде мұнда 15 адам еңбек етуде. Ба­ла­бақ­шадағы әрбір топ­қа «Ерке­тай», «Жұлдыз», «Ай­гөлек» де­ген қазақы атау­лар бе­рі­­лген.

Бөбекжайдың асхана, мәжі­ліс залы, үйірме залдары бар. Бәрі де заман талабына сай салын­ған. Сонымен қатар ыдыс-аяқ, төсек-орын сияқты қажеттіліктің де бәрі қамтылған. Балалар бес мез­гіл ыстық тамақпен қамта­ма­сыз етіледі. Енді барлық талапқа сай ашылған бөбекжайда алдағы уақытта ағылшын тілі, хореография, күрес, таэк­вондо және гим­настика үйір­мелерін ашу жос­парда бар екен. Балаларға өмір­ге бейімдеу са­бағы да ұйым­дас­тырылуда.

 

Жамбыл облысы