«Дүниеге бір перзент келсе, бір қозы артық туады; бір қозы туылса, бір уыс шөп артық шығады» дейді атам қазақ. Яғни әр баланың өз несібесі бар. Бүгінде көп балалы аналар атаулы әлеуметтік көмекті перзенттерінің несібесі деп санайды және әрбір теңгені еселей отырып, отбасы пайдасына жаратқысы келеді. Сөйтіп әлеуметтік көмекті жеке кәсібін ашуға жұмсап жатқандар Түркістан облысында аз емес.

Мысалы, Түлкібас ауданындағы Қабанбай ауылының тұрғыны Гүлнара Таштемированың отбасы тіршілігін осы атаулы әлеуметтік көмек басқа арнаға бұрды десек қателеспеспіз. Гүлнара көмектің басым бөлігіне 150 қаз сатып алған. «Қаздың еті, жұмыртқасы – жұғымды тағам, жүні – жастық, майының өзі терінің күйігіне ем, пайдасы – шаш-етектен. Күтімі жақсы болса тез көбейеді. Алдағы уақытта осы қаздардың басын көбейтіп, сатып, қосымша кәсіпке жұмсауды көздеп отырмыз. Көп балалы аналардың қамын ойлап, әлеуметтік көмек көрсетуді ұйғарған Елбасына, Президентке алғысымыз шексіз», дейді Гүлнара. Осындай мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, тұрмыстарын жақсартып жатқандардың тағы бірі Күмісбастау ауылының тұрғыны Жібек Жұмабекова – 6 бала өсіріп, тәрбиелеп отырған ана. Мектепте еден жуушы болып жұмыс істейді. Мардымсыз жалақымен шиеттей бала-шағаны асырау қиынға соғып жүрген. Алатын аздаған жәрдемақысы мен жалақысын жеткізе алмай жүргенде, табысы төмен аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасылардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бағдарлама үлкен үміт сыйлады. Жібек Жұмабековаға жылына 1 591 030 теңгені құрайтын көмек белгіленіп, әзірге оның 3 айлық сомасы берілген. Жібек оған 2 бұзаулы сиыр сатып алыпты.
«Қазір аузымыз аққа жарыды. Айран-сүт ішіп, май-қаймақ жеп жүрген балаларыма қарап, шүкіршілік етемін. Артылған ағарғанды сауда орындарына өткізіп, ақшасын балалардың керек-жарағына жұмсаймын. Алдағы уақытта да осындай қаржылай қолдау арқылы ұсақ мал алып, жағдайымызды біршама жақсартып аламын деген ойдамын», дейді көп балалы ана. Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны, 6 баланың анасы Райхан Жасұзақова да атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көріп, қазіргі таңда сүйікті кәсібімен айналысуда. «Мемлекет тарапынан көп балалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек беріледі дегенді естіп, жұмыспен қамту орталығына құжаттарымды өткізгенмін. Бүгінгі таңда тағайындалған 621 мың теңгенің 380 мың теңгесін алдым. Сөйтіп көптен бері армандап жүрген кәсібіме кірістім десем де болады. Яғни, шаштараз ретінде аудан орталығында орналасқан әсемдік салонынан бір орынды жалға алып, қажетті құрал-саймандарымды да толықтырдым. Қазіргі таңда сол жерде сүйікті кәсібіммен шұғылданып, табыс табудамын», дейді Райхан Жасұзақова. Көп балалы ана келешекте мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауды пайдалана отырып, сұлулық салонын ашуды жоспарлап отыр. Айта берсек, бұл ауданда мұндай мысалдар жетерлік. Бір ғана Түлкібас ауданы бойынша 3 081 отбасындағы 17 989 адамға 2 788 090 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалыпты.
Отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытында келісімшарт жасасу арқылы мемлекеттік шартты ақшалай көмек көрсету бағдарламасы да көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Осы «Өрлеу» жобасы арқылы тұрақты жұмыс тауып, тұрмысын түзеп алғандар жетерлік. Мысалы, Шардара қаласының тұрғыны Роза Джавкаева бүгінде ешкі бағып, сүтін сатып кәсібін жандандыруда. Бірнеше ауруға ем саналатын ешкі сүтіне деген сұраныс та артып келеді. Бұған дейін үй шаруасымен, бала тәрбиесімен айналысып келген 7 перзенттің анасы «Өрлеу» бағдарламасы аясында қаржы алып, ешкі шаруашылығын дамытуда. «Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеті бар. Әсіресе, асқазан ауруларына, анемия, көздің нашар көруіне, диатезге өте пайдалы. Емізулі балаларына сатып алатындар да көп», дейді Роза Джавкаева. Осылайша «Өрлеу» бағдарламасы арқылы шаруасын дөңгелетіп отырған Роза биыл мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алып, мал басын арттырған. Қорасында 30-ға тарта ешкі-лағы, 20-ға жуық қойы бар көп балалы ананың үйіне ешкі сүтін іздеп келушілердің де қатары артыпты. Өткен жылы 379 мың теңге әлеуметтік көмек алған көп балалы ана биыл наурызда тағайындалған 776 200 теңгені алысымен сауын ешкінің санын арттырмақ. Ешкі демекші, бүгінде Ордабасы ауданындағы «Ордабасы ешкі сүті өнімдері» өндірістік кооперативі күніне 600 литр сүт өндіруде. Екі жыл бұрын Голландиядан 330 «Зааненский» асыл тұқымды ешкі әкелген өндірістік кооператив қазіргі таңда оны 800 басқа жеткізген. Оның 300-ге жуығы сауылады. Автоматтандырылған сүт сауу қондырғыларымен жабдықталған кооператив алдағы уақытта ешкілердің санын 2 мыңға жеткізіп, сүтінен балмұздақ цехын ашуды көздеп отыр. «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 5,5 пайыздық несие қаржысына ешкі сүтін сауатын италиялық құрылғы және ешкі сүтін өңдейтін зауыт сатып алдық. Қазіргі таңда шикі сүт, пастерленген сүт, айранның майлылығына қарай 4 түрін, шұбат, қаймақ, сыр, кілегей, йогурт, ірімшік, құрт сынды өнімдерді шығарудамыз. Сұраныс жақсы, өнімдеріміз Шымкент қаласы мен Түркістан облысына жолдануда», дейді өндірістік кооператив құрылтайшысы Мейірхан Әбенов. Өндірістік кооперативте бүгінде 21 адам жұмыспен қамтылған, оның 7-уі "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы арқылы қабылданыпты.
Атаулы әлеуметтік көмектің шарапатын көріп отырған отбасылардың тағы бірі – Келес ауданы, Абай ауылында тұрады. Жеті баланың әкесі Берік Бекназаров «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасымен» Біртілек ауыл округіндегі «Нурмухамедов Б.А.» шаруа қожалығына тұрақты жұмыс орнына жолданып, отбасына 1083276 теңге көлемінде шартты ақшалай көмек тағайындалған. Отағасы жеке қосалқы шаруашылығын дамыту мақсатында, шартты ақшалай көмектің бір жолғы төлеміне өтініш білдіріп, 541638 теңгеге 10 қозылы қой алып, қосымша жалға азық-түлік дүкенін ашыпты. Бүгінгі таңда Бекназаровтар әулетінің отанасы «Алтын алқа» иегері, кішкентай баласын ауылдағы балабақшаға беріп, аталған дүкен саудасын жүргізуді қолға алған.
Осылайша атаулы әлеуметтік көмекті тиімді пайдаланудың жолын тауып, шағын кәсібін кеңейте түсуді көздеп отырған отбасылар өңірде көбейіп келеді.
Түркістан облысы
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Кеше
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Кеше
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Кеше
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Кеше
Кино • Кеше
Теннис • Кеше
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Кеше
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Кеше
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Кеше
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Кеше
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар