Күн көзінен алынатын энергия қуаты шаруа қожалықтарының иелегіндегі жайылымдарды сумен және жарықпен қамтамасыз ететін болады.
– Батареяны жақында ғана сатып алдық. Ол бізге малды суаруға және ұңғыманы электр қуатымен қамтамасыз етуге қажет, дейді «Шаг» шаруа қожалығының басшысы Александр Ширинский.
Күн панелі сағатына үш киловатт электр энергиясын өндіреді. Батареяның шуақты күндері энергияны бойына жиып алатын аккумуляторы болғандықтан, оның жұмыс істеуі ауа райының қолайлылығына байланып қалмайды.
Өңірдің шаруа қожалықтарын қалпына келтірілетін энергия көздерімен қамтамасыз ету мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылып жатыр.
Қарағанды облысы