Суреттерді түсірген Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ
Supercam S350 ұшқышсыз ұшу аппараты бірнеше бөліктен тұрады.
Оны құрастыру көп уақытты алмайды.
Фотоаппарат ортаңғы бөлікте орналасқан.
Ұшқышсыз аппарат қуатты батареялардың көмегімен ұшады.
Мамандар ұшу аппаратын аспанға жібермес бұрын әбден тексеріп алады.
Оны ұшыру үшін созылмалы арқан қолданылады.
Жерде телеметрия мен бейнеқабылдағышты басқаруға арналған антенна болады.
Әуедегі аппарат жіберетін деректер мамандарға сол сәтте жетіп отырады.
Ол сағатына 140-150 шақырым жылдамдықпен ұша алады. Үзіліссіз 4-5 сағат бойы көкте қалықтап жүре береді.
Ал мынау сынақ сәтті өткен соң, ұшу апаратын қондырып жатқан сәт.
Фоторепортажды дайындаған Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ.