Қоғам • 07 Тамыз, 2019

Ақтөбе–Атырау-Астрахань тас жолының құрылысында заңсыз еңбек еткен қытай азаматтары ұсталды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында Ақтөбе-Атырау-Астрахань автожолы құрылысында Қытай Халық Республикасы азаматтарының заңсыз жұмыс істегенін анықтады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақтөбе–Атырау-Астрахань тас жолының құрылысында заңсыз еңбек еткен қытай азаматтары ұсталды

Сағыз-Мұқыр трассасының құрылысында заңсыз еңбек еткен 14 қытайлық ұсталды.

Тексеру барысында оларда «іскерлік» санатындағы визалар бары белгілі болды. Бұл санаттағы виза Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыру құқығын бермейді. Қазіргі уақытта сот шешімі бойынша Қытай азаматтары елден қуылды.

Сонымен қатар аталған шетелдіктерді шақырушы тараптарға қатысты шара қолданылуда. Шетелдіктердің деректер бойынша шарықушы тараптар анықталып, олардың үстінен ҚР ӘҚБТК-нің 519-бабы (жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе шетелдіктер еңбегін пайдалануы). бойынша шара қолдану қарастырылуда.

ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 7 нормативтік қаулысысына сәйкес ЕАЭО елдерінің азаматтарын тіркеу Қазақстанға келген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Өзбекстан азаматтарын тіркеу мерзімі 5 күнтізбелік күнді құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ЕАЭО елдерінің азаматтарын тіркеу 35 күнтізбелік күн ішінде, Өзбекстан азаматтарын тіркеу 10 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылды. Сондай-ақ, қазақстандық визалардың кез келген санаттағы иелері ҚР-да  төлқұжаттарды тіркеуден босатылды.

Соңғы жаңалықтар