Рәсімнен кейін болған сұхбат барысында Елші сұхбаттасқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2050 Стратегиясы шеңберінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы мәлімдеп, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі мемлекет және экономика болып табылатын Индонезиямен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын растады.
Индонезия Президенті Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалап, астананы көшіру және Нұр-Сұлтанның дамуы жөніндегі қазақстандық тәжірибеге ерекше қызығушылық білдірді. Ж.Видодо Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін растады және Елшіге дипломатиялық миссиясында сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Д.Сарекенов екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға және оларды жаңа жоғары деңгейге шығаруға бар күшін салатынына сендірді.