Аймақтар • 08 Тамыз, 2019

Орал қаласында триатлоннан республикалық біріншілік өтеді

160 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

10-11 тамызда Орал қаласында триатлон бойынша екі күндік республикалық сайыс өтеді.

Орал қаласында триатлоннан республикалық біріншілік өтеді

«Жарыстың бірінші күні Elite санатындағы спортшылар «супер-спринт» қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогінің үшінші кезеңі жеңімпаздарын анықтайды. Осы қашықтықта U17, U19 және U23 санатындағы спортшылар Қазақстан Республикасы Чемпионаты аясында сайысады. Ал екінші сайыс күні алаңда әуесқой спортшылар бақ сынайды» деп хабарлайды жарысты ұйымдастырушы Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогі мен Чемпионаты – қазақстандық Триатлон федерациясының бастамасымен өткізілетін республикалық сайыстар. Қызықты дода «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, Орал қаласы әкімдігі және BI Group компаниясының қолдауымен өткізілмек.

Сайыс мақсаты − Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, қазақстандық кәсіби спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру және үздік спортшыларды анықтау.

Оралдағы сайыс аясында кәсіби спортшылар бірнеше қашықтықта сынға түспек:

1) Elite санаты (18-23 жас аралығы) – триатлон, қашықтық – «супер-спринт» (300 м жүзу, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру).

2) U23 санаты (18-23 жас аралығы) – триатлон, қашықтық – «супер-спринт» (300 м жүзу, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру).

3) U19 санаты (17-19 жас аралығы) – триатлон, қашықтық – «супер-спринт» (300 м жүзу, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру).

4) U23 санаты (15-17 жас аралығы) – триатлон, қашықтық – «спринт» (750 м жүзу, 20 км веложарыс, 5 км жүгіру).

Оралда өтетін үшсайысқа Қазақстанның әр аймағынан келген 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Бұдан бұрын Шаған және Жайық өзендерінің қиылысқан жерінде орналасқан Орал қаласында триатлон спортын дамытуға мүмкіндік мол екендігі айтылған еді.

 

Батыс Қазақстан