Sonata Hybrid деп аталатын «гибридті» көлік ауа райы жақсы болған кезде күн сәулелері арқылы аккумуляторлық батареяны 30%-дан 60%-ға дейін қуаттауға қабілетті. Әзірлеушілердің айтуынша, автомобилдің жоғары жағында кремний пластиналар орнатылған.
Hyundai мәліметінше, гибридтің аккумуляторлық батареяларын қоректендіру үшін күн энергиясын қолдану арқылы жаңа технология отынды пайдалану тиімділігін арттыруға және CO2 қалдықтарын қысқартуға көмектесе алады.
Алғашқы сатылым Оңтүстік Кореяда жоспарланған. Жақында оңтүстіккореялық автоөндірушінің жаңа өнімі Солтүстік Америка нарығында пайда болады.