Үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов ауылдарда тұрмыс сапасын арттыру және жоғары білікті мамандарды тарту шаралары туралы айтып берді.

Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, қазіргі таңда елімізде 18,4 млн шамасында адам бар, олардың ішінде қала тұрғындары – 10,7 млн адам, ауыл тұрғындары – 7,7 млн адам. Ауыл халқының саны 42%-ды құрайды.
Е.Алпысовтың айтуынша, жаңа өңірлік саясатқа сәйкес Өңірлерді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді, бұл басқарылатын кентке айналу арқылы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және өңірлердің экономикалық бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған.
«Кентке айналу мәселелерімен қатар, мемлекеттік бағдарламада жаңа шаралар қарастырылған. Бұл – «Ауыл – ел бесігі», ірі қалалардың төңіректерін дамыту жобаларын іске асыру және Өңірлік стандарттар жүйесін енгізу», деді Е. Алпысов.
Алдағы үш жылда «Ауыл – ел бесігі» жобасының іс-шараларына республикалық бюджеттен 90 млрд теңге, оның ішінде 2019 жылы 30 млрд теңге бөлінді. Сонымен бірге жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен шамамен 4,7 млрд теңге бөлінді.
«Биыл 700 мыңға жуық адам тұратын 53 ауылды елді мекен таңдалды. 2019 жылы жұмыстар үлкен ауылдық елді мекендерде – халқы көп аудан орталықтарында жүргізіледі, онда жинақталып қалған өткір инфрақұрылымдық проблемаларды тез арада шешу қажет», деді ол.
Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша 2019 жылы 4673 жаңа жұмыс орны құрылады, 73 мектеп пен балабақша, 14 емхана, 47 мәдениет үйі мен спорт нысандары жөнделеді, 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 13 абаттандыру нысанының құрылысы басталады. Сондай-ақ 516 км жол, 35 км сумен жабдықтау желісі, 229 км электрмен жабдықтау (жарықтандыру), 136 км газбен жабдықтау, 20 км және 6 жылумен қамтамасыз ету нысандары жөнделіп, салынады.
«Келесі жылдан бастап кластерлік тәсілді енгізуді көздейміз, онда ауылдық елді мекендер жекелеген топтар – кластерлер құру (тірек ауылдан 10-15 шақырымдық радиуста) арқылы қарастырылатын болады», деді Е.Алпысов.
Мәселен, Шортанды ауылы жақын орналасқан ауылдар үшін тірек ауыл болып саналады. Аталған ауылдардың халқы үшін барлық әлеуметтік игіліктер мен қызметтер тірек ауылда ұсынылады. Көлік байланысы орнайды.
«2025 жылға дейін 6,6 млн ауыл тұрғынын жақсартылған инфрақұрылыммен және әлеуметтік игіліктермен қамту жоспарланған», деді вице-министр.
Алдын ала деректер бойынша, 3477 ауылдық елді мекенді біріктіретін 1150 ауылдық кластер, оның ішінде 1150 тірек ауыл, 2327 спутниктік және шекара маңы ауылдары бар.
Баспасөз конференциясында «Дипломмен – ауылға!» жобасын іске асыру қорытындылары мен тетіктері туралы айтылды. «Дипломмен – ауылға!» жобасының негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды ынталандыру. Жоба аясында 100 АЕК немесе 252500 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Әлеуметтік қолдау шараларының қатарында тұрғын үй алуға 1500 АЕК немесе 3 787 500 теңгеден аспайтын мөлшерде бюджеттік несие қарастырылған.
«Дипломмен – ауылға!» жобасын жүзеге асыру кезеңінде 60 мыңнан астам маманға 7,4 млрд теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді, ал 27,5 мыңнан астам маманға тұрғын үй сатып алуға 70,6 млрд теңге бюджеттік несие берілді. 2019 жылы 1,3 млрд теңгеге 7176 маман көтерме жәрдемақы алады. 3908 маманға 14,8 млрд теңге көлемінде тұрғын үй алуға несие беріледі.
Е.Алпысов «Дипломмен – ауылға!» жобасын іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде заңнамалық және нормативтік актілерге белгілі бір өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Сонымен 2011 жылы тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие мөлшері 630 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. 2012 жылдан бастап әлеуметтік қолдау шаралары ветеринария мамандарына, ал 2014 жылдан бастап агроөнеркәсіптік кешен мамандарына ұсынылды. Бүгінде ауылдық жерлерде жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарды ынталандыру және ұстап қалу бойынша жобаның негізгі мақсаты толықтай орындалып жатыр.
Өз кезегінде, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарушы директоры Думан Оспанов «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 2010 жылдан бастап аталған жобаның басты операторы екенін айтты. Қор содан бері ауылда 28 753 маманды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 75 млрд теңге берді. Бүгінге дейін бұл мамандар баспанамен қамтамасыз етілген.
Д.Оспановтың айтуынша, бұл несиені беру туралы түпкілікті шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды. Атап айтқанда, әкімдіктер маманның талаптарға сәйкестігін қарастырады және олардан қажетті құжаттарды қабылдайды, кейін оларды Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына тапсырады. Қордың негізгі қызметі – несиенің уақытылы өтелуін бақылау және мониторинг жасау.
Өткен тәулікте 946 адам коронавирустан айықты
Қазақстан • Бүгін, 09:05
Қазақстанда бір күнде 999 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстан • Бүгін, 09:00
COVID-пен ауырған анаға баласын емізуге бола ма?
Медицина • Бүгін, 08:51
Эпидемиялық ахуал күрделеніп барады
Коронавирус • Бүгін, 08:48
Мыңдаған алматылық баспана жырына нүкте қояды
Аймақтар • Бүгін, 08:46
Грантты жұмыспен өтеу шарттары жеңілдетілді
Білім • Бүгін, 08:45
Қоғам • Бүгін, 08:42
Қызанақтағы вирусты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 08:38
Экономика • Бүгін, 08:37
Күрделі кезеңде күш алған сала
Экономика • Бүгін, 08:36
Қоғам • Бүгін, 08:31
Жақсылық көрсең де, жамандық көрсең де өзіңнен
Қоғам • Бүгін, 08:30
Бостандық ауылындағы бокс залы
Аймақтар • Бүгін, 08:29
The Guardian оқырмандары ұнатқан ел
Туризм • Бүгін, 08:24
Туризм • Бүгін, 08:22
Қарт Алтайда қысқы туризм дамып келеді
Туризм • Бүгін, 08:18
Қазақтың қабілеті қандай болған?
Руханият • Бүгін, 08:16
Руханият • Бүгін, 08:12
Руханият • Бүгін, 08:10
Әлем • Бүгін, 08:05
Пікір • Бүгін, 08:01
Тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде сақталамыз
Пікір • Бүгін, 07:59
Үкімет мүшелерінің кандидатуралары келісілді
Үкімет • Бүгін, 07:58
Архивтік құжаттар алтын бастау бола алады
Пікір • Бүгін, 07:51
«Курскіде» қызмет еткен капитан
Руханият • Бүгін, 07:47
Ұлттық руханиятты дамытуға үш ұсыныс
Руханият • Бүгін, 07:46
Ұлылар трагедиясын айшықтаған («Абай жолы» телесериалы – ұлттық киноның табысы)
Кино • Бүгін, 07:44
Ақтаңдақты емдеудің жаңа әдісі
Ғылым • Бүгін, 07:42
Қазақстандық ғылым коронавируспен күреске қауқарлы ма?
Ғылым • Бүгін, 07:41
Таным • Бүгін, 07:40
Хоккей • Бүгін, 07:38
Рейтингтегі орнын сақтап қалды
Теннис • Бүгін, 07:37
Қазақстан құрамасы үздік ондықта
Спорт • Бүгін, 07:36
Аймақтар • Бүгін, 07:35
Сахна саңлақтарынан сабақ алады
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Ауыл • Бүгін, 07:31
Оқиға • Бүгін, 07:29
Экономика • Бүгін, 07:26
Қапталмаған құбыр – жылудың соры
Аймақтар • Бүгін, 07:23
Қоғам • Бүгін, 07:21
Салаға серпін берген бағдарлама
Туризм • Бүгін, 07:20
Қоғамды дүрліктірген заң жобасы (Азаматтардың арыз-талабы ескеріле ме?)
Қоғам • Бүгін, 07:15
Руханият • Бүгін, 07:13
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Кеше
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Кеше
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Кеше
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Кеше
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Кеше
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Кеше
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Кеше
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Кеше
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Кеше
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Кеше
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Кеше
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Кеше
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Кеше
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Кеше
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар