Бұл жүйеде белгілі бір тақырып бойынша бейне- сабақтар, контент, тестілеу жүргізіледі. Жоба қаладағы IT-компаниялармен кеңесіп жасалады. Қазір жобаның электронды платформасын құру жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы кезеңде қала мектептерінің 50 пайызын қамту жоспарланып отыр.
Жаңа оқу жылы басталған сәтте Алматы оқушылары толық материалдық-техникалық және әдістемелік қамтамасыз етілген IT-сыныптар жұмысымен танысады. Ал белгіленген мерзімге дейін бағдарламасы бекітіліп, оқытушылар дайындықтан өтеді.
Республикадағы цифрландыру бағдарламасы аясында әрі IT-оқыту үдерісіне тартылған балалар санын арттыруға бағытталған Алматыдағы алғашқы жобаға қала бюджетінен қаражат қарастырылған.
Цифрландыру бағдарламасы аясында Жол картасына сәйкес қаладағы №54 мектеп-гимназия базасында IT-лицей ашу және Wi-Fi мектептерін 100 пайызға дейін желімен жабдықтаумен қатар, ҚБТУ жанындағы инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты Алматы қаласы ІІД үшін криминогендік жағдайдың мониторингі жүйесі әзірленген (бірыңғай орталықта онлайн режімінде криминогендік жағдайдың мониторингі және визуализациясы, заңсыз әрекеттердің алдын алу бойынша шешім қабылдауға көмектесу, өзара байланысты қылмыстар бойынша жиынтық ақпарат ұсыну). Құрамына қаланың жетекші инновациялық компаниялары кіретін IT кеңес өткен жылы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының базасында құрылып, саланы дамыту, бизнесті, қаланы цифрландыру және автоматтандыру бағытындағы ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырып келеді.
АЛМАТЫ