Аймақтар • 09 Тамыз, 2019

Жағымды істер жан жадыратады

495 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Әсілі, қоғамда жақсы дүние­лерді көрмейтін сарыуайымшыл­дар көбейіп бара жатқандай көрі­неді. Қит етсе, «Қазақстанда түй­ме шығаратын зауыт та жоқ» деп қылғынып жатады. Рас, ондай уа­қыттар болды. Түн болса, түнек­тен көзі ашылмайтын қалалар бол­ған. Кей аудан орталықтарында кел­ген қонақтарды күтетін дәмхана, қо­нақүй­дің болмағанын қазір ұмытып қалдық.

Жағымды істер жан жадыратады

Бүгінде оның бәрі ертегі сияқ­ты. Кешегі басқан аяғы кері кеткен аудандар бүгінде көркейіп келеді. Жақында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Шиелі ауданына іссапармен барып, «Байқоңыр Солар» серіктестігінің электр стансасы құрылысының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Сұлутөбе ауылдық округіндегі электр стансасы күніне 50 кВт электр қуатын өндіреді. Ауылда орналасқан осы стансаның күші қасындағы аудандардан бөлек, облыс орталығына да электр қуатын таратуға жетеді екен.

«Мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырылып жатқан жо­баға біз де көмек беріп, әрі қа­рай ауқымын кеңейтуге, да­мытуға да­йынбыз. Алдағы уа­қытта әлеуметтік көмек есе­бінде күн электр стансасы жа­қын орналасқан елді мекен тұр­ғындарына жеңілдіктер көрсетілу жағын қарастырған жөн», деді облыс әкімі.

Бұл жобаны «Қазына Ка­питал менеджмент» АҚ және «Юнайтед Грин Британдық холдингі» қаржыландырады. Іске қосылғаннан кейін 23 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Тартоғай елді мекенінде 2016 жылғы тамызда пайдалануға берілген жеке кәсіпкер Н.Серік­байдың наубайханасы бар. Шағын наубайхана күніне 250-300 бөлке нан, 150 тоқаш, 100 самса және 100 шелпек шығарып, Тартоғай, Майлытоғай, Ботабай елді мекендерін және ЗК-169/4 мекемесін нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Облыс әкі­мі осы елді мекендегі ауылдық клубтың жұмысымен танысты. 150 орындық клуб үйінде ән, би, сурет, тоғызқұмалақ және шахмат үйірмелері жұмыс істейді.

Қуанышбек Досмайылұлы Жөлек елді мекеніндегі мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында салынған дәрігерлік-амбула­ториялық емхананың ашылу сал­танатына қатысты. Емдеу мекемесінде күндізгі стационар, акушерлік, химазатор, ине шаншу, егу бөлмелері бар.

«Өздеріңіз білесіздер, мемлекет тарапынан әлеуметтік са­ланы қолдау үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Облыстық бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұм­салады. Былтыр облыста 5 аурухана, 9 медициналық амбулатория салынған. Биыл ел­ді мекендерде 9 емдеу мекемесі бой көтерді. Осының барлығы – мемлекет тарапынан еліміздің бас­ты байлығы адам және оның денсаулығына жасалған жағ­дай деп білеміз. Сондай-ақ мем­лекеттік қызметкерлердің айлығы 1 маусымнан бастап 30 пайызға кө­бейді. Облыс әкімдігі тарапынан да әрі қарай тиісті қолдау көр­сетілетін болады», деді өңір бас­шысы.

Облыс әкімі ауданға жұмыс сапары аясында тұрғындардың дене шынықтыруына жағдай жасау үшін ашылған Алғабас ауылындағы спорттық сауықтыру кешенінде болды. Мұнда шағын футбол, волейбол, күрес, бокс және жаттығу залдары бар.

Одан кейін Шиелі кентіндегі құбыр зауытына барды. Нысан­ның жалпы алаңы – 30 гектар, қуаты жылына 1 млн 600 мың құ­бырға тең. Кәсіпорында 104 адам жұмыспен қамтылған. За­уытта төмен қысымдағы полиэтилен құбырлары, поливенилхлорит құбырлары, газ құбырлары, технологиялық құ­быр­лар және тағы басқа өнім­дер Қазақстанның ішкі нарығына шығарылады.

Шиелі кентіндегі «Думан – Шиелі» ЖШС-нің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ор­­талығында жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ егде адамдарға және тірек-қимыл аппараты бұ­зылған мүгедек балаларға ар­налған орталықта 54 қызметкер жұ­мыс істейді.

Өңір басшысы бұдан соң «Бастау» сауықтыру кешеніне, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на қарасты №6 кен басқармасына (мұнда 402 адам жұмыспен қам­тылған), жеке кәсіпкер Б.Әшір­бековтің күріш ақтау және құрама жем зауытына барды.

Келесі нысан – «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС цемент за­уыты жылына 1 млн тонна цемент өндіреді. Сыртқы нарыққа – 30%, ішкі нарыққа 70% өнім шығарылады. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 52 гек­тар жер учаскесі берілген. 2017 жылы 22 желтоқсанда Ин­дус­трия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен преференция алуға инвестициялық келісімшартқа, әктас шығаруға келісімшартқа қол қойылған.

Ал «Ару Ана» түйе сүтін өң­деу цехы күніне 400 литр шұбат өн­­діреді. Өнім көрші аудандарға, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда қа­лаларына тасымалданады. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр деңгейдегі әкімдерге ха­лық­пен жақын араласуды, қор­даланған проблемаларын кеңесе отырып шешуді ұдайы айтып келеді.

Сапар барысында облыс әкімі бірнеше елді мекеннің тұр­­­­ғындарымен кездесіп, жер­гілікті халықтың тыныс-тір­ші­лігімен танысты. Сондай-ақ бар­лық деңгейдегі әкімдерге тұр­ғын­дар­дың жұмыссыздық мәсе­лесін шешу керектігін қатаң тапсырды.

Бұл бір аудандағы қайнап жатқан тіршіліктің мысалы ғана. Бүгінде Қызылорда облысында барлық қала, аудандар дамудың жаңа деңгейіне шығып келеді.

Қызылорда облысы