Қарағанды облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлмира Көпбаеваның айтуынша, алдағы уақытта НЗМ бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер саны арта түседі.
– Мұғалімдердің біліктілігі өсті, мектептер жаңа оқу бағдарламаларына көшеді, мұның барлығы жақсы нәтиже бере бастады, дейді Г. Көпбаева.
Жоғарыда айтқандай, 2019-2020 жылғы жаңа оқу жылынан бастап Қарағандыдағы №№33, 85, «Мұрагер» мектептері мен №3 гимназия НЗМ тәжірибесін пайдалана бастайды. Сонымен қатар Балқаштағы №16 мектеп. Сәтбаев қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп-лицей, Шахтинск қаласындағы № 11 мектеп, Ақтоғай ауданындағы Сарышаған кентінің мектебі, Бұқар жырау ауданындағы Керней орта мектебі, Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ кентіндегі № 5 мектеп, Жаңаарқа ауданындағы Б. Амалбеков атындағы мектеп, Нұра ауданындағы № 2 қазақ мектебі және Шет ауданындағы Ш. Батталова атындағы орта мектеп жаңа бағдарлама бойынша бала оқытуды бастайды.
Жалпы, Қарағанды облысында Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасы 52 мектепте пайдаланатын болады.
Қарағанды облысы