Әлем • 09 Тамыз, 2019

Алмазбек Атамбаев қамауға алынды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа бұлтартпау шарасы қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Алмазбек Атамбаев қамауға алынды

«Алмазбек Атамбаев 26 тамызға дейін қамауға алынды», - деп мәлім етті Первомай аудандық сотынан. Елдің бұрынғы басшысы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторында болады.

Еске салайық, 8 тамыз күні кешқұрым Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Атамбаевтың ұсталғанын ресми хабарлаған болатын.