Аймақтар • 09 Тамыз, 2019

Алматыда Абай шығармаларына арналған Bookcrossing өтті

2129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хакім Абайдың 175 жылдығына орай Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен «Абай» метро бекетінде жас кітап құмарларға арналған Bookcrossing өтті.

Алматыда Абай шығармаларына арналған Bookcrossing өтті

Жеке кітапхана қорын жаңарту, ұлы ақын  Абай Құнанбаевтың шығармаларын насихаттай отырып, жастар қауымын сирек туындыларымен таныстыру мақсатында өткен шарада ақынның ең үздік өлеңдері, қара сөздері мен әндері оқылды. Жастар Bookcrossing-нің ең белсенді қатысушылары сыйлықтар ойнатуға және ұлы ақынның шығармалары мен өлеңдерін оқуға арналған квизге қатысып, тамаша концерттің куәсі болды. Шараға арнайы шақырылған «Ұлттық аударма бюросының» редакторы Есей Жеңісұлы мен «Мөлдір бұлық» журналының редакторы Саят Қамшыгер хакім өлеңдерінің бүгінгі жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.

Ұлы Абай шығармаларын насихаттау мақсатында Алматыда 1 тамыздан бастап Байтұрсынов көшесі, 22/к-1, Depo Evolution Park, Жастар Ресурстық Орталығы, 4-қабат мекен-жайы бойынша кітаптарды қабылдау пункті ашылған болатын. Осы орталықта Абай Құнанбаевтың кез келген шығармаларымен бірге  көркем әдебиет, балалар, жасөспірімдер және іскерлік, сондай-ақ, психология, философия және өзін-өзі дамытуға арналған  кітаптар қабылданды.

 

АЛМАТЫ