Аймақтар • 10 Тамыз, 2019

Павлодарда мектептер жаңа оқу жылына дайындықты бастады

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық білім беру бөімінің мәліметінше, облыс орталығындағы №14 мектептің қазір  шатыры толығымен ауыстырылып, жөнделуде.

Павлодарда мектептер жаңа оқу жылына дайындықты бастады

Құрылыс  жұмыстарымен «Мираторг ПВ» ЖШС-і жаңа оқу жылында  оқушылар  төбесінен су ақпайтын мектепте оқитын болады деп қуантуда.

Мектептің шатырын күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 14 миллион теңге бөлінген.

Сондай-ақ, ескі дәретханалар да жөнделіп, жаңартылған. Қазіргі уақытта дәліздерді сырлау жұмыстары жалғасуда. Екі тілде білім беретін мектепте 750 оқушы білім алады.

Сонымен бірге, жаңа оқу жылында №4  мектептің оқушыларын да қуанышты сыйлық күтіп тұр.

Мектеп жанында жаңадан футбол алаңы жасалуда. Футбол алаңын салу үшін қалалық бюджеттен 40 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Бұл мектепте жаңа оқу жылына әзір. Мектепте 1237 оқушы бар.

Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылардың балаларына 800 мың теңге көлемінде қаражат жиналды.

 Павлодар