Қазір аймақтың электр қуатымен бірнеше нұсқасы қарастырылуда.
Ал, стансада өндірілетін электр қуатының 800 мегаваты бос тұрғаны айтылуда.
Егер 2 жыл ішінде барлық инфрақұрылымды қосып, қосымша станса болсақ, энергияны пайдаланатын кәсіпорындар салуға дайын компаниялар бар. Біз бәсекеге қабілетті, 10,7 теңгемен электр энергиясын ұсынып отырмыз, - дейді облыс әкімі Б.Бақауов.
Екібастұзға осы мәселенің мән-жайын ілуге барған облыс әкімі индустриялық аймақтың нақты аумағын белгілеуді, жеделдетуді тапсырды.
Облыстық Энергетика және Тұрғын үй шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Индустриялық аймаққа электр желісін тартудың екі нұсқасы ұсынылды. Бірі - ГРЭС-1 стансасының АТҚ-500-ден (Ашық тарату қондырғысынан) жеткізу. Екіншісі, 1150 кВт қосалқы стансадан тарту жоспарланған.
Бірінші нұсқасын «KEGOC» АҚ қолдайды.Бұл жобаға 23,1 млрд. теңге қажет. Бүгінде құжаттар әзірленуде.
Енді индустриялық аймақты электр қуатымен қамту үшін 500 кВ-тық қосалқы станса салынуы тиіс.
Сондай-ақ, 3,5 шақырымдық электр желісін тарту қажет. Тіпті, индустриялық аймақ орналасатын тағы бір 200 гектарлық орын ұсынылуда.
Ал, қосалқы станса мен электр желісін тартуға кореялық инвесторлар келмекші.
Жалпы, электр стансалары маңынан индустриялық аймақтар құрудың тиімділігі- жеткілікті электр қуатының арзандығы.
Екібастұз