Спорт • 12 Тамыз, 2019

«Жекпе-жек» жеңімпаз атанды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласындағы Спорт сарайында қазақ күресінен кәсіби клубтар арасында тұңғыш рет республикалық кубок жарысы өтті.

«Жекпе-жек» жеңімпаз атанды

Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкі­мінің бірінші орынбасары Марат Тасмаған­бетов қа­тысып, спортшыларға табыс тіледі.

– Өңірде ат спортынан «Тұл­пар» және қазақ күре­сінен «Қы­зылжар арландары» кәсі­би клубтары жұмыс істей­ді. Заманауи теннис орталы­ғы пайдалануға берілді. М.Жұ­ма­баев, Ш.Уәлиханов аудандарын­да спорт кешендері ашылды. Облыс тұрғындарының 30 па­йызға жуығы саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұ­ғылданады, деді Марат Иманбай­ұлы құттықтау сөзінде.

Қазақ күресі феде­ра­ция­сының
бас хатшысы Бақдәулет Сәби­тов, қазақ күре­сінен өңір­дегі ал­ғаш­қы спорт шебері Бауыр­жан Құл­­жанов өз сөз­дерінде қазақ күре­­сіне және ұлт­тық спорт­тың да­муына тиісті дең­гейде қол­дау көр­сетіліп келе жат­қанын атап өтті.

Жарыс бағдарламасына сәйкес боз кілемге шыққан клуб өкілдері жеті салмақ бойынша бес минуттан белдесті. Нұр-Сұлтан қаласының «Астана батыры» мен Алматы қаласының «Қазақ күресі» командалары арасындағы белдесу 1:6 есе­бі­мен соңғысының пайдасына шешілді. Қарағандылықтар елор­далықтарды 7:0 есебімен ойсырата ұтты. «Қызылжар арландары» қарағандылықтарды тізе бүктірді.

Екі күнге созылған бәсекеде Тараз қаласының «Жекпе-жек» спорт клубы жеңімпаз атанды. Алматылықтар екінші, алаң иелері үшінші орынға ие болды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы