Үнқату мәнері өзгеріп келеді
Сенбі, 6 сәуір 2013 2:20
Мұртаза ҚҰРУҒИ,
Иран мемлекеттік телевизиясы халықаралық бөлімінің аға тілшісі.
«Алматы келіссөздерінің» бірінші кездесуінен кейін Батыс елдерінің Иранға үнқату мәнері көп өзгергендігін айтқым келеді. Осыған орай Иран да өзінің позициясын жұмсартып, «алтылық» елдеріне түсіністікпен жауап қату жағдайына көшті. Қазір екі тараптың арасы бұрынғыға қарағанда көп жақындасты және мұның бәрі ядролық қарудан бас тартқан Қазақ елінің ұстанған саясатының баршамызға жағымды екендігінен туындап отырғанын баса айтар едік.
Сенбі, 6 сәуір 2013 2:20
Мұртаза ҚҰРУҒИ,
Иран мемлекеттік телевизиясы халықаралық бөлімінің аға тілшісі.
«Алматы келіссөздерінің» бірінші кездесуінен кейін Батыс елдерінің Иранға үнқату мәнері көп өзгергендігін айтқым келеді. Осыған орай Иран да өзінің позициясын жұмсартып, «алтылық» елдеріне түсіністікпен жауап қату жағдайына көшті. Қазір екі тараптың арасы бұрынғыға қарағанда көп жақындасты және мұның бәрі ядролық қарудан бас тартқан Қазақ елінің ұстанған саясатының баршамызға жағымды екендігінен туындап отырғанын баса айтар едік. Саид Джалилидің орынбасары Али Багиридің сөзіне қарағанда, екі тарап бір-бірін дұрыс түсінісу арнасына тоғысып отыр. Соңғы бір жыл көлемінде Батыс елдері Иранға қатысты қысымды көбейтіп жібергенін күллі әлем көріп-біліп отыр. Алайда, ол қысым еш нәтиже бермегені анық. Иранның МАГАТЭ-ге қатысты өзінің міндеттемелерін ескерсек, бұл мәселе түбі бір шешімін табары хақ.
Бүкіл әлем қазіргі таңда мәселені атомдық қарумен шешпейтінін түсініп отырған тұста, бірнеше мемлекет бірігіп алып бір елге қысым көрсете отырып, оның халықаралық мүмкіндіктерін шектеу арқылы дұрыс арнаға сала алмайды. Иран мен Ирак арасындағы, Ауғанстан, Таяу Шығыстағы соғыстар осының дәлелі. Енді халықаралық қауымдастықтар мұндай кикілжіңдерге жол бермеу шарасын қарастыруы керек, бұл мейлінше пісіп-жетілген саяси тәсіл деп есептеймін.
Иран Мәскеу кездесуінде өзінің стратегиялық 5 мәселесін алға тартқан еді. «Алматы келіссөздерінде» Батыс елдері де маңызды бір жобаны ұсынды. Өз кезегінде Иран Мәскеу кездесуінде қозғалған бес мәселе мен «Алматы келіссөздеріндегі» бір мәселені қорытып, тағы да толықтырылған үлкен мәселені күн тәртібіне шығарып отыр.
Әлемді қарусыздандыру мәселесіне бүкіл ел, барша құрлық бірігу керек. Осы қарусыздандыру мәселесіне қатысты Иран бірнеше ірі халықаралық жобаларды ұсынып отыр. Иран да Қазақстан секілді ядролық қаруға қарсы ел. Қаһарлы қарумен емес, сындарлы саясатпен ғана мәселелер оң шешімін табатынын жас бала да білетін халге жетті. Бейбіт мәселелер тек тараптар бір-бірінің пікіріне көңіл аударғанда ғана шешілетінін ескерсек, бұл мәселеде де саяси нәзік міндеттерді түсіндіру арқылы мәміле іздеген «Алматы келіссөздері» бүгінгі саяси ғаламға көп мәселенің мәнісін ұғындырды.