Аймақтар • 12 Тамыз, 2019

Петропавл қоғамдық көліктерінде QR-код орнатыла бастады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы  қоғамдық көліктерге QR-код арқылы төлем жасау жүйесінің пилоттық жобасы енгізілді.

Петропавл қоғамдық көліктерінде QR-код орнатыла бастады

Жол ақысын электрондық әдіспен өтеу жолаушылар үшін бірден-бір тиімді әдіс болмақ. «4 а» автобусының ішінде орналасқан QR-кодын сканерлеу арқылы  жолақыны  тез-ақ төлеуге болады.

«Тұрғындар жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу  үшін ұялы телефонда Халық немесе Хоум банкінің мобильдік қосымшасы болуы керек. Осы құрылғының көмегімен  камераны қосып, автобустағы QR-кодты суретке түсірсеңіз жеткілікті. Бірер секундтан соң билет қолыңызға тиеді.  Онда төленген ақы мөлшері, билеттің нөмірі және қандай көлікте екені жазылып тұрады. Уақыты мен күніне дейін белгіленеді. Пайдалану механизмі қарапайым», дейді “Қазақстан Халық банкі” АҚ СҚОФ транзакциялық бизнес орталығының бас менеджері Олжас Жақыпов.

Қазір  бас шаhарда 4 «а» бағытында 12 автобус қатынайды . Алдағы уақытта  мұндай жаңашылдықтар  14, 4 «т» және 2 –ші бағыттарда жүретін қоғамдық көліктерге де енгізіледі.

«Облыстық жолаушыларды тасымалдау одағы» қауымдастығының төрайымы Галина Семенованың айтуынша, қала ішінде  270 қоғамдық көлік қатынайды. Оның 4-уінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеңілдіктер қарастырылған. Енді,  электронды билет жүйесі кезең-кезең бойынша  кеңінен таратылмақ.

Солтүстік Қазақстан облысы