Аймақтар • 12 Тамыз, 2019

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұрынғы әкім Мұрат Мұқаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Орал қаласы мәслихатының келісімімен ротация бойынша Орал қаласының әкімі болып Шыныбеков Абат Абайұлы тағайындалды.

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

Шыныбеков Абат Абайұлы 1973 жылы дүниеге келген. Білім жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Еуразия» Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтын «Экономика және менеджмент», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының магистрі.

Әр жылдары Қаратөбе ауданының әкімі аппаратында маман, бас маман, бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор, Қазталов ауданының әкімінің орынбасары, Орал қаласы әкімдігінде бөлім бастығы, әкім кеңесшісі, «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Орал қаласының мәслихат хатшысы, Сырым ауданының әкімі болып қызметтер атқарған. 2017 жылдың маусым айынан бастап Қазталов ауданының әкімі болды.

Айта кетейік, өткен аптада Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданына Ержан Тұрмағамбетов, Қазталов ауданына Альберт Есалиев жаңадан әкім болып тағайындалған болатын.

 

Батыс Қазақстан