09 Сәуір, 2013

Бұл – тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін қажет

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл – тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін қажет

Сейсенбі, 9 сәуір 2013 2:07

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме таратты

5-6 сәуірде Алматы қаласында Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Е3+3 (Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция) пен Иран арасында келіс­сөздердің кезекті раунды болып өткені бел­гілі.

 

Сейсенбі, 9 сәуір 2013 2:07

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме таратты

5-6 сәуірде Алматы қаласында Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Е3+3 (Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция) пен Иран арасында келіс­сөздердің кезекті раунды болып өткені бел­гілі.

Алматы кездесуінің қорытындысы бойынша тараптар өткен кездесуге өздерінің бағаларын берген ресми мәлімдемелер жасады. Бағалаулар әртүрлі болғанымен, келіссөздерге қатысушылар, тұтастай алған­да, келіссөздер үдерістерін жалғастыруға қатысты оптимистік көңіл күй танытты.

Иранның ядролық бағдарламасы бойынша мәселені шешу жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін маңызды рөл атқарады. Халықаралық қоғамдастық үшін осындай күрделі және маңызды келіссөздерде тараптардың ұстанымдарын жақындату ұзақ уақытты талап етеді. Алматы кездесулерінің оң қорытындысы келіссөздер үдерісін жал­ғастыру туралы уағдаластыққа қол жет­кізілуі болды.

Қазақстан Республикасы келіссөз тарабы болып табылмайды және оларға тікелей қатыспайды. Бірақ Қазақстан тараптардың Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді жалғастыру ниетін қуаттайды және тараптар өзара тиімді шешімге келе алады деген үміт білдіреді.

Қазақстан ядролық таратпаудың дәйек­ті жақтасы болып келді және солай болып қала береді. Және біздің еліміз әрі қа­рай да Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды дипломатиялық құралдармен реттеуге барынша ықпал ету­ге дайын. Бұл – өңірдегі және әлемдегі тұ­рақтылық пен қауіпсіздік үшін қажет.

Қазақстан сондай-ақ, келіссөздердің аталған раундына қатысқан барлық тараптар делегацияларының кездесулер жоғары деңгейде өтті және ұйымдастырылды деген жоғары бағаларына өзінің ризашылығын білдіреді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.