Бұл – тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін қажет
Сейсенбі, 9 сәуір 2013 2:07
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме таратты
5-6 сәуірде Алматы қаласында Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Е3+3 (Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция) пен Иран арасында келіссөздердің кезекті раунды болып өткені белгілі.
Сейсенбі, 9 сәуір 2013 2:07
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме таратты
5-6 сәуірде Алматы қаласында Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Е3+3 (Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция) пен Иран арасында келіссөздердің кезекті раунды болып өткені белгілі.
Алматы кездесуінің қорытындысы бойынша тараптар өткен кездесуге өздерінің бағаларын берген ресми мәлімдемелер жасады. Бағалаулар әртүрлі болғанымен, келіссөздерге қатысушылар, тұтастай алғанда, келіссөздер үдерістерін жалғастыруға қатысты оптимистік көңіл күй танытты.
Иранның ядролық бағдарламасы бойынша мәселені шешу жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін маңызды рөл атқарады. Халықаралық қоғамдастық үшін осындай күрделі және маңызды келіссөздерде тараптардың ұстанымдарын жақындату ұзақ уақытты талап етеді. Алматы кездесулерінің оң қорытындысы келіссөздер үдерісін жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілуі болды.
Қазақстан Республикасы келіссөз тарабы болып табылмайды және оларға тікелей қатыспайды. Бірақ Қазақстан тараптардың Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді жалғастыру ниетін қуаттайды және тараптар өзара тиімді шешімге келе алады деген үміт білдіреді.
Қазақстан ядролық таратпаудың дәйекті жақтасы болып келді және солай болып қала береді. Және біздің еліміз әрі қарай да Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды дипломатиялық құралдармен реттеуге барынша ықпал етуге дайын. Бұл – өңірдегі және әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін қажет.
Қазақстан сондай-ақ, келіссөздердің аталған раундына қатысқан барлық тараптар делегацияларының кездесулер жоғары деңгейде өтті және ұйымдастырылды деген жоғары бағаларына өзінің ризашылығын білдіреді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.