Қоғам • Бүгін, 17:55

«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында полиция подполковнигі Лейла Саидова 18 жыл ішкі істер органдарында қызмет етіп, зейнетке шықты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінде өткен салтанатты жиында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты

Іс-шара облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасында ұйымдастырылып, ұзақ жыл қызмет еткен тәртіп сақшыларына алғыс айтылды. Олардың қатарында полиция полковниктері Асқар Джайлаубаев пен Ерлан Кезбаев та бар.

Алайда жиында ерекше назар әлеуметтік желілерде «қазақтың Моника Беллуччиі» деген лақап атпен танылған Лейла Саидоваға ауды.

Астаналық полицейлер бейнекамера арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады

Ол облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы штабының аға инспекторы қызметін атқарған. Ішкі істер саласында 18 жыл еңбек еткен офицер кәсібилігімен және жауапкершілігімен ерекшеленген.

Лейла Саидова бұған дейін әлеуметтік желілерде күтпеген танымалдыққа ие болған еді. Оның атына қатысты жағдай полиция бөлімшесіне келген азаматшамен болған оқиғадан кейін кеңінен тараған. Сол сәттегі сабырлылығы мен кәсіби ұстанымы желі қолданушыларының назарын аударған.

Екі қызметкер зардап шекті: Атырау облысында полицейлерге шабуыл жасағандар ұсталды

Кейін қолданушылар оны «темір ханым» деп атап, италиялық актриса Моника Беллуччиге теңеген.

Өз кезегінде ол мұндай танымалдықты ауыр қабылдағанын және көпшілік назарында болуға ұмтылмайтынын айтқан еді. Сонымен қатар, полиция қызметінің үлкен психологиялық төзімділікті талап ететінін атап өткен.

Әріптестері Лейла Саидованы принципшіл, әділ әрі кәсіби білікті офицер ретінде сипаттайды. Қызмет барысында ол өңірдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан.

Салтанатты жиын соңында зейнетке шыққан қызметкерлерге алғыс айтылды.

Соңғы жаңалықтар