Тағайындау • Бүгін, 17:40

Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің қаулысымен Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды

Ербол Тұяқбаев 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. 

2013-2018 жылдары – ҚР БҒМ Ғылым комитетінде сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы.

2019-2020 жылдары – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ БАҚ, «Astana» ӘКК» акционерлік қоғамында қызмет етті.

2020-2023 жылдары – Астана қаласы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, басшысы, Инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы, сондай-ақ Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар