Тағайындау • 12 Тамыз, 2019

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұрат Рахметұлы Мұқаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігі және Орал қаласы мәслихатының келісімімен ротация бойынша Орал қаласының әкімі болып Шыныбеков Абат Абайұлы тағайындалды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

Шыныбеков Абат Абайұлы 1973 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Еуразия» Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтын «Экономика және менеджмент», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының магистрі.


Әр жылдары:
- Қаратөбе ауданының әкімі аппаратында маман, бас маман, бөлім меңгерушісі,
- Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор,
- Казталов ауданының әкімінің орынбасары,
- Орал қаласы әкімдігінде бөлім бастығы, әкім кеңесшісі
- «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары;
- Орал қаласының мәслихат хатшысы;
- Сырым ауданының әкімі болып қызметтер атқарған.


2017 жылдың маусым айынан бастап Казталов ауданының әкімі болды.