Қоғам • 13 Тамыз, 2019

Жанболат Мелдешов «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті лауазымынан кетті

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жанболат Мелдешов «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті лауазымынан кетті

 «Бүгін Жанболат Мелдешов Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті лауазымынан кетті. Ол ұйымға 2006 жылдан бері басшылық етті. Осы уақыт аралығында Орталық қызметінде көптеген оң өзгерістер болды. Бірінші басшының жаңашылдық көзқарасы мен жұмысқа бар ынтасымен берілуінің арқасында Орталық шетелдік серіктестері арасында беделін нығайтты. Шетелдік ЖОО-лар бөлетін гранттар санын еселеп арттыруға қол жеткізілді. Бүгінде Қазақстан азаматтарында «Болашақ» стипендиясынан бөлек тегін жоғары білім алуына мүмкіндік бар. Жыл сайын үздік ЖОО-лардан 20 мыңнан астам грант тартылады. Жанболат Мелдешов бүгінде сапалы білімге ұмтылған қазақстандықтар жемісін көріп отырған жобалардың бастауында тұрды», делінген фейсбуктегі Bolashak scholarship administrator парақшасында.