Әлем • 13 Тамыз, 2019

Қой-Таштағы оқиға: Атамбаев пен жақтастарына қандай айып тағылды

95 реткөрсетілді

7-8 тамызда Қой-Таш ауылында болған оқиға аясында Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың сыбайластарына қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

 Бұл жөнінде Кабар агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның бас прокуроры Откурбек Джамшитов мәлім етті.

Оның айтуынша, қылмыстық істер, атап айтқанда, жаппай тәртіпсіздік, тұтқынға алу, төрт іс – өлтіруге әрекеттену және бұзақылық бойынша козғалған. Бас прокурор тергеушілерден ведомствоаралық комиссия құрылғанын атап өтті. Оның сөзінен белгілі болғандай, тұтқынға алу және жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша Фарид Ниязов, Алга Кылычев, Амантур Джамгырчиев және М.Шаменов ұсталды.

Сот қаулысына сәйкес, олар 8 қазанға дейін тұтқынға алынған. Откурбек Джашитовтың айтуынша, Атамбаевқа қару қолдану, жаппай тәртіпсіздік орнату, тергеуге кедергі келтіру, тұтқынға алу, 1 адамды өлтіру және өлтіруге оқталу ісіне қатысты күдіктеліп отыр.

7 тамыз күні кешке Қой-Ташта елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйінде А.Батукаевтың ісі бойынша тергеу органдарына күштеп әкелу кезінде қауіпсіздік күштері өкілдері мен бұрынғы президентті қолдаушылар арасында қақтығыс болды. Салдарынан «Альфа» МҰҚК арнайы бөлімшесі басшысының орынбасары Үсен Ниязбеков көз жұмып, 40-тан астам адам жараланды.

8 тамыз күні құқық қоргау органдары Атамбаевты Қой-Таш ауылындағы үйінде қолға түсіріп, 26 тамызға дейін ҰҚК Тергеу изоляторына жіберілді. Қой-Ташта орын алған жағдайға, арнай жасақ қызметкерінің көз жұмуына және құқық қоргау органдары қызметкерлерінің жарақаттануына байланысты сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Данияр Саламат

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрболат Аманжол

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ерболат Қуатбек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Кеше

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Кеше

Күлкі керуені

Руханият • Кеше

Қыз әулие

Руханият • Кеше

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Кеше

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар