Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Дабыл: Алматының Наурызбай ауданында сел жүруі мүмкін

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Наурызбай ауданына Қарғалы өзенінде сел жүру қаупі төніп тұрғандықтан дабыл жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дабыл: Алматының Наурызбай ауданында сел жүруі мүмкін

«Қарғалы өзені ағатын Наурызбай ауданында сел жүру қаупі бар, себебі судың деңгейі күрт төмендеген және бөгетті кез келген сәтте бұзып кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше құжаттарыңызды алып, қалаға қарай кетіңіздер. Бөгет бұзылмауы да мүмкін, алайда қауіптің ықтималдығы жоғары», деп түсіндірді 112 нөмірінен.

«2019 жылдың 14 тамызында Наурызбай ауданында шағын көлемде сел шығару жүргізілді. Тұрғындарға ескертіп үлгердік. Энергетика қызметіне жарықты, газды өшіру туралы команда берілді. Ескертеміз, тұрғындарды көшіреміз. Алматы қалалық ТЖД Әуезов және Алатау аудандарында Қарғалы өзенінің төменгі жағында тұратын тұрғындарға ескерту жасап жатыр», деп түсіндірді Алматы ТЖД-дан.