Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Алматы қалалық ТЖД Қарғалы өзенінің қазіргі ахуалы туралы мәлімет берді

637 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы сел қаупіне байланысты төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзенінің қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді.

Алматы қалалық ТЖД Қарғалы өзенінің қазіргі ахуалы туралы мәлімет берді

«Ауа температурасының соңғы екі айда төмендемеуіне байланысты таңғы сағат 6:20-лар шамасында Қарғалы өзені бассейніндегі №1 көлдің суы босатылды. Секундына 5 мың текше метр жылдамдықпен шығарылғанда көлдегі су деңгейі 5 метрге төмендеді. Алдын ала есептер бойынша 20 мың текше метр су ағызылған», деді ТЖД.

«Осыған байланысты Наурызбай ауданы Қарғалы шатқалында тұратын халық шұғыл құлақтандырылды. Сонымен қатар, өрт сөндіру бөлімшелері, жол патрульдік қызметкерлері дауыс зорайтқышпен халықты хабарландырды», деді Алматы қалалық ТЖД.

Алматының Наурызбай ауданына Қарғалы өзенінде сел жүру қаупі төніп тұрғандықтан дабыл жарияланған еді.