Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Елордада «Nur-Sultan Music Awards - 2019» халықаралық музыка фестивалі өтеді

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 тамыз күні «Барыс-Арена» Мұз сарайында халықаралық «Nur-Sultan Music Awards - 2019» музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада «Nur-Sultan Music Awards - 2019» халықаралық музыка фестивалі өтеді

Елорда сахнасында Грузия, Франция, Италия, Латвия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Украина, Ресей және Қазақстан музыкалық рейтингтерінің көшін бастап тұрған әртістер өнер көрсетеді.

Фестивальда Григорий Лепс, LOBODA, Raim & Artur, Лолита, Ержан Максим, Дима Билан, Время и Стекло, Shanguy, Шахзода, Cosmos Girls, Markus Riva және Chingiz өздерінің үздік хиттерін орындамақ.

Іс-шара сағат 19.00-де басталады. Билеттерді www.kassir.kz сайтынан сатып алуға болады.