Қоғам • 15 Тамыз, 2019

JOB FAIR-2019 бос орындар жәрмеңкесі өтті

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «JOB FAIR-2019» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шараның негізгі мақсаты – қазақстандық және халықаралық жұмыс берушілерді шақыра отырып, «Болашақ» бағдарламасының түлектерін, сондай-ақ шетелде оқыған барлық түлектерді жұмысқа орналастыру. Бұл жәрмеңкені жұмыс берушілер мен ізденушілер кездесетін тиімді алаң десек болады.

JOB FAIR-2019 бос орындар жәрмеңкесі өтті

«Аталған шараны «Халық­аралық бағдарламалар орталығы» АҚ биыл жетінші жыл қатарынан өткізіп отыр, яғни 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жұмыс берушілер түлектерді қабылдау барысында түрлі сатыдан өткізеді. Бірінші, үміткермен сұхбаттасу, құжаттарымен танысу. Одан кейін жұмыс ұсынушы өзіне ұнаған талапкердің біліктілігін тексеру үшін тест тапсырмалары арқылы сынақтан өткізеді. Айта кететін тағы бір жайт, біз осы жәрмеңке біткеннен соң әрбір жұмыс беруші компаниялармен хабарласып, қанша бала қабылдағаны жөнінде есеп алатын боламыз», деді «Халық­аралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің міндетін атқа­рушы Ғалия Байжанқызы.

Бұл шараға 80-нен астам жұ­мыс беруші қатысып, таныстыры­лымдар мен воркшоптар және де ше­­берлік сағаттарын өткізді. Олар­ға іріктеу турларын (сұхбат­та­су, әңгімелесу) жүргізуге мүм­­кіндік берілді. Жәрмеңкеге ха­лық­­аралық университеттерді тә­мам­­даған 500-ге жуық түлек қа­тысты.