Спорт • 15 Тамыз, 2019

«БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы плей-офф кезеңіне жолдама алды

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы футбол­дан Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі үшінші іріктеу ойынында Финляндияның ПК-35 командасын жеңіп, турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

«БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы плей-офф кезеңіне жолдама алды

Екі команда арасындағы кездесу 13 тамызда Эстонияның Таллин қаласында өтті. Матч 4:1 есебімен шымкенттік команданың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық команданың қатарынан Мисози Зулу, Екатерина Бабшук, Рейчел Кундананджи және Мария Илич мергендігімен көзге түсті. Ал қарсылас команданың тарапынан Вера Саастомойнен бір гол соқты.

 Іріктеу кезеңінің үш ойынында жеңіске жеткен «БИІК-Қазығұрт» топтан бірінші орынмен шығып, турнирдің 1/16 финалына жолдама алды. Келесі айналымның жеребе тарту рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында 16 тамызда өтеді.

2016 және 2017 жылдары «БИІК-Қазығұрт» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына дейін жеткен болатын. Бұл қазақстандық команданың ең үздік нәтижесі. Былтыр Шымкент командасы бәсекенің 1/16 финалында Испанияның «Барселона» клубымен кездесіп, екі ойын қорытындысы бойынша 3:4 (3:1, 0:3) есебімен есе жіберген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30