Қоғам • 15 Тамыз, 2019

Аз қамтылған отбасылардың балалары «Жас аула» жобасында тегін оқи алады

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы волонтерлар жылына арналып «Жас аула» жобасы жарияланады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.

Аз қамтылған отбасылардың балалары «Жас аула» жобасында тегін оқи алады

«Жас аула» - бұл жастардың физикалық қана емес, моральдық тұрғыдан ақыл-ойын жетілдіру, мәдениет, спорт, білім саласындағы біліктіліктерін арттыру. Аз қамтылған отбасылардың балалары демеушілердің арқасында «Жас аулада» тегін оқи алады», деді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Айтуынша, қазіргі уақытта бағдарламаға волонтерлерді тарту көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Жастардың патриоттық сезімін ояту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында еліміздің үш қаласы Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалаларында 30 тамыздан «Qazaqstan Zhastar FEST» атты бірегей жоба басталатынын да айтып өтті.

«Болашақта бұл жоба еліміздің басқа да өңірлерінде жалғасын табады. Қазақстан бойынша 15 мыңнан астам жасты осы жобаға тартамыз деген жоспар бар», деді Ақтоты Райымқұлова.