Әлем • 16 Тамыз, 2019

Отандасымыздың жағдайы – елшіліктің назарында

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда істі болып, қамауда жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында хабарланды.

Отандасымыздың жағдайы – елшіліктің назарында

Қазақстан Ақжарқын Тұрлы­байдың жағдайынан хабардар болып отыр. Қазір апелляция бойынша оның ісінің қайта қарау мерзімі анықталуда. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді.

– Ақжарқын Тұрлыбайдың мәсе­лесі – өте маңызды іс. Мұны қазір адвокат жан-жақты қарас­тырып жатыр. Оның ісі бойынша апелляция беріліп, Қытай тарапынан екінші отырыстың өткізу уақытын күтіп отырмыз. Бұл жағдай – біздің елшілік­тің ұдайы назарында. Дип­ло­маттар Ақжарқынға тұрақ­ты түр­де барып тұрады. Әңгіме­лесіп, ата-анасының хатын жет­кізіп, кітап­тар сатып әпереді. Ол өзін жақ­сы сезінеді және ешқан­дай ұстау жағ­дайына шағымдан­байды, – деді А.Смадияров.

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуе­жай­ында ұсталып, оған есірткі контра­бандасымен айналысты деген айып тағылды. Екі жылдан кейін Қы­тай соты оны өмір бойы бас бостан­дығынан айырды. Араға біраз уақыт салып бұл үкім ше­геріліп, іс қайта қарауға бағытталды. Нигериялық наркомафияның құрбаны бол­ғанын айтатын Ақжарқынның өзі жазаны жеңілдетуді немесе Қазақстанға экстрадициялауды күтіп отыр.