Штаб төрағасы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев төрағалық еткен штаб отырысында жаңа реформа – Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін халыққа түсіндіру жайында мәселе көтерілді.
Жыл өткен сайын халық саны өсіп келеді. Бала туу көрсеткіші де жоғары. Он жыл ішінде халықтың орташа өмір сүру жасы да зарды. 10 жыл бұрын 60-65 жас болса, қазір орташа жас – 75. Адам жасының ұлғаюы деген сөз астарында кәрілік өмірдің ұзару ұғымы жатыр. Бүгінгі таңда 65 жастан асқан асқандар үлесі халықтың 10 пайызын құрап отыр. Мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылға дейін осы азаматтар саны 3 миллионға дейін жетеді деп күтілуде. 2025 жылы халықтың 7 миллионға жуығы балалар болуы мүмкін. Ал халық саны 20 миллионға жетсе, балалар мен қарттар 10 миллионды құрамақ. Осы есеп негізінде болашақта денсаулық сақтау саласына қанша қаражат жұмсалатындығы алдын ала болжанады. Ендігі ретте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізе отырып, қосымша қаражат көзіне қол жеткізетін боламыз, - деді алғашқы спикер Эрик Әбенұлы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Сағымбаев Әнуар Әлімжанұлының айтуы бойынша, Маңғыстауда мәртебесі жоқ адамдар саны – 15 794.
Маңғыстауда жалдамалы жұмысшылар – 905, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 5 527,жұмыспен қамту орталықтарында тіркелмеген жұмыссыздар – 5 019, жұмыс күші құрамына кірмейтін тұлғалар (ЖҚШ-да жұмыс істейтіндер, студенттер, тіркелмеген жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі балалар күтіміндегілер, көшіп кеткендер, қайтыс болғандар) – 827, формализациядан бас тартқандар – 1 081, мәртебесі анықталмағандар – 2 435. Бұл Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті берген ақпарат, - деп атап өтті Ә.Сағымбаев.
МӘМС жүйесі туралы сыртқы жарнамалар орнату, қоғамдық орындарда видео-аудио ротация, хабарландыру парақшаларын үлестіру облыста жандануы тиіс. Егер, адандарда, шалғай ауылдардағы тұрғындар бұл ақпаратпен таныс болмаса, олар МӘМС пакетіндегі қызмет түрлерін ала алмай, 2020 жылдан бастап енетін жаңа реформада қиындықтар тууы мүмкін. Сол себепті, МӘМС жүйесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде қала, аудан әкімдерінен қолдау күтеміз, - деді «ӘМСҚ» Маңғыстау филиалының директоры Б.Исмаханбетов.
Отырыс соңында, штаб төрағасы Қаныбек Жұмашев жаңа жүйені қайткенде қоғамға сіңіруге болатындығын талқыға салды. Қ.Жұмашев халыққа үздіксіз түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, аз уақытта ақпараттандыруды күшейтуді қадап айтты, оосы мақсатта құзырлы органдарға нақты тапсырмалар берді.