«Жергілікті әкімдік ұстаздарды әкімшілік мақсаттарға, білім беру саласына еш қатысы жоқ түрлі шараларға жұмылдыра отырып өз өкілеттіктерін асыра пайдаланады», деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент білім беру жүйесінің сапасына теріс ықпал ететін тағы бір кедергіні атап өтті.
«Білім беру жүйесінің сапасына теріс ықпал ететін тағы бір кедергі – ұсынылатын реформаларда педагогтардың нақты қажеттіліктерінің ескерілмеуі» деді Президент.