Терроризм мен экстремизм – қауіпті кесел
Сенбі, 8 маусым 2013 2:07
Астана қаласы жастар саясаты басқармасының бастамасымен діни экстремизм мен терроризм идеологияларына қарсы күрес мәселелеріне байланысты кездесу болды.
Шара экстремизм мен терроризм идеологиялары құрылымын, көздеген мақсаты мен бағытын баяндайтын бейне-желі көрсетумен басталды. Кездесуде бірінші болып Дін істері агенттігінің жетекші ғылыми қызметкері Ермек Төренұлы сөз алып, күн тәртібіндегі мәселеге орай өз ойларын ортаға салды.
Сенбі, 8 маусым 2013 2:07
Астана қаласы жастар саясаты басқармасының бастамасымен діни экстремизм мен терроризм идеологияларына қарсы күрес мәселелеріне байланысты кездесу болды.
Шара экстремизм мен терроризм идеологиялары құрылымын, көздеген мақсаты мен бағытын баяндайтын бейне-желі көрсетумен басталды. Кездесуде бірінші болып Дін істері агенттігінің жетекші ғылыми қызметкері Ермек Төренұлы сөз алып, күн тәртібіндегі мәселеге орай өз ойларын ортаға салды. «Діни экстремизм мен терроризм идеологияларын екі тұрғыдан қарастыруға болады. Заңды тұрғыдан келетін болсақ, бұл – қылмыстық кінә, ал діни тұрғыдан келгенде, бұл идеологиялық әрекеттер күнә болып есептеледі. Себебі, адамның өз-өзіне қол жұмсауы, өзгелерге қиянат жасауы исламның сипатына сай келмейтін құбылыстар», деп атап өтті ол.
Бүгінгі таңда «жиһад» атауын қате түсініп, өздерінің қаскөй әрекеттерін іске асыруда ислам дінін жамылып, білімсіздіктен, аңқаулықтан өзгенің қолында ойыншық болып жүрген жастарымыз аз емес. Олар біреулердің дүние мен билікті көздеген ауқымды мақсаттарының жолында құрбан болып бара жатқандарын сезбейді. Шешен сөзінде мәселенің осы жағына да біршама тоқталды.
Келесі кезекте мінбеге көтерілген «Нұр-Астана» мешітінің найб имамы Хасан Ташайұлы радикалды ағымда адасып жүргендерге қатысты пікірлерін білдірді. Өзінің сөзінде ол: «Мұндайлар тек өз идеологиясын жақтаушыларды мұсылман көріп, қалған халықты «кәфир», яғни мұсылман емес деп санайды. Алайда, лаңкестік әрекетке барғанда, олар өздері діннен қалай шығып кеткендерін байқамай қалады», деді. Ал, философия ғылымдарының кандидаты Тышқан Кеңшілік пен белгілі боксшы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жастарға діни экстремизм мен терроризм жөнінде жан-жақты ақпарат беріп, жалпы, ислам дінінің маңыздылығы мен мәнін түсіндірді.
Кездесудің соңында қонақтар жастардың сұрақтарына жан-жақты жауап қайтарды.
Айдар ӨРІСБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».