Қоғам • 16 Тамыз, 2019

ҰБТ тапсыру электронды жүйеге көшіріледі - Асхат Аймағамбетов

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

ҰБТ тапсыру электронды жүйеге көшіріледі - Асхат Аймағамбетов

 «Біз Ұлттық бірыңғай тестілеу процедурасын трансформациялауды жоспарлап отырмыз. Осы ретте оқушылардың жүйені алдау жолдарын іздеу фактілерінің орын алып отырғандығын атап өткім келеді. Телефон алып кіріп, өзінің білімі мен дағдысымен емес, басқа да қосымша құрылғылардың көмегімен көбірек балл алуды ойлайды»,  деді ол.

Сондай-ақ министр алдағы уақытта ҰБТ тапсыру жүйесінде өзгеріс болуы мүмкін деді.

«Бұл ретте біз Ұлттық бірыңғай тест тапсыруды біртіндеп электронды жүйеге көшіруді жоспарлап отырмыз. Мұндай ойымыз бар. Бізге ҰБТ гранттарды бөлудің ашықтығы мен әділдігіне кепіл беруі қажет», деді А.Аймағамбетов.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше