16 Тамыз, 2019

«Ұлы Абайдың ізімен...» атты экспедиция жолға шықты

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экспедиция елорда әкімдігінің «Руханият» КММ ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

«Ұлы Абайдың ізімен...» атты экспедиция жолға шықты

Рухани сапардың мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының маңыздылығы мен өзектілігін жан-жақты дəріптеу. Абай Құнанбайұлының жүріп өткен жерлері арқылы Ұлы ақынның мол мұрасын елге паш ету. Өлкетану жұмыстарын жандандыруға атсалысу. Ұлы даланың рухани қазыналарын насихаттау арқылы халықты тұтастыққа, бірлікке шақыру.

16-19 тамыз аралығында бір топ тарихшы-ғалымдар, қоғам қайраткерлері, абайтанушылар мен журналист-блогерден құралған экспедиция Нұр-Сұлтан қаласынан бастап Қарқаралы – Абыралы – Қайнар – Қарауыл – Семей – Павлодар бағытымен жүріп өтпек.

– Хәкім Абайдың 175 жылдығына орай «Руханият» орталығы данышпан бабамыз дүниеге келген осы тамыз айында бірқатар іс-шараларды ұйымдастырып келеді. «Адамзаттың Абайы» атты фестиваль аясында 8-31 тамыз аралығында бірқатар шаралар өтеді деп жоспарланған. Соның бірі – «Ұлы Абайдың ізімен...» атты рухани сапар. Өскелең ұрпақтың бойындағы ұлттық иммунитетті көтеріп, жастардың санасына үлгі тұтар тұлғаны қалыптастыру және ең бастысы ұлттық болмысты жаңғыртуда мұндай бірегей шаралардың қолға алынғаны еліміз үшін пайдалы, дейді «Руханият» КММ басшысы Ержан Еңсебай.