Аймақтар • 17 Тамыз, 2019

Маңғыстауда құтқарушылар арасында «Полиглот» байқауы өтті

427 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Полиглот» байқауы өтті. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар мен тапсырмалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеру, тілдік қорларды әртүрлі жағдайларда пайдалану, жазбаша және ауызша түрде емтихандар тапсыру және өз өнерлерін таныстыру болды.

Маңғыстауда құтқарушылар арасында «Полиглот» байқауы өтті

 Бүгінде әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық өзгерістер белең алған шақта жан-жақты білікті мамандар қажеттігі күн санап көбеюде. Қазіргі заман-адамды өзгелердің мәдениеті мен тілдерін тез қабылдай білетін жан-жақты тұлға болуы шарт. «Полиглот» байқауының негізгі талабы да осы көп тілді жетік меңгеру болып табылады.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші іріктеу кезеңі, бұл кезеңге қатысу үшін байқауға қатысушы үш тілді жетік меңгерген болуы тиіс. Байқаудың алғашқы тапсырмасы «таныстыру» деп аталады, бұл тапсырмада сайыскерлер өздерін үш тілде таныстырды. Екінші тапсырма «Терминдер -аудармалар» деп аталып, бұл тапсырманы байқауға қатысушылар жазбаша түрде орындады. Бұл тапсырманы орындауда байқауға қатысушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілін білу деңгейі мен сауатты жазуы сынға түсті.

«Экранда берілген қазақ халқының салт-дәстүріне, тұрмысы мен мәдениетіне байланысты сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру» атты үшінші тапсырма бойынша қатысушылар жазбаша түрде берілген термин сөздердің қазақ және ағылшын тіліндегі аудармаларын айтып берді. Соңғы тапсырмада байқауға қатысушылар «экранда берілген төтенше жағдайлар терминдерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларын айту» бойынша жарысты.

Қызу сайыста бірінші орынды Едігеев Әділхан, екінші орынды Италмас Мадина және үшінші орынды  Ержанов Сарсенбек және Жүзбаев Бибарыс иеленді.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Анара Тусина байқауға қатысушыларды дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.

Байқаудың жеңімпаздары қыркүйек айында Көкшетау қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

 

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше