Спорт • 17 Тамыз, 2019

Бокстан әлем чемпионатына қатысушылар саны рекордты деңгейге жетті

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Екатеринбургте өтетін ерлер арасындағы әлем чемпионатында қатысушылар саны рекордты деңгейге жетті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды. 

Бокстан әлем чемпионатына қатысушылар саны рекордты деңгейге жетті

Ресей бокс Федерациясының мәліметінше, жарысқа 91 мемлекеттен 488 спортшы қатысады. 

Әлем чемпионаты 8-21 қыркүйек күндері Екатеринбург қаласында өтеді. 

Жарыс кестесі:

8 қыркүйек – жеребе тарту рәсімі мен ашылу салтанаты;

9-17 қыркүйек – күндізгі сессия 13:00, кешкі сессия 18:00;

18 қыркүйек – ширек финал – 16:00, 19:00;

19 қыркүйек – демалыс күні

20 қыркүйек – жартылай финал – 16:00, 19:00

21 қыркүйек – финал – 16:00-19:30;