Әлем • 19 Тамыз, 2019

Түркияның Cumhuriyet газеті «Егеменге» бет арнады

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның беделді басылымдарының бірі, биыл жарық көргеніне 95 жыл толған, атын Ататүріктің өзі қойған Cumhuriyet газетінде «Egemen Qazaqstan» газеті туралы мақала жарияланды.

Түркияның Cumhuriyet газеті  «Егеменге» бет арнады

Газеттің Анкара­дағы тілшілер қосынының басшысы Иклим Өн­гел ел газеті «Egemen Qazaqstan» редакциясына арнайы келіп, ұжым қызметкерлері­мен кездескен болатын. Түркияның бас басылымы «Ұшқыннан» «Egemen Qazaqstan-ға» дейінгі газет тарихы мен бүгінгі тынысы туралы баяндаған. «Газет 54 жыл бойы «Социалис­тік Қазақстан» атымен жарық көреді, 90-жылдары бүгінгі атын алған үлкен басылымның тиражы қазіргі таңда 200 мыңға жетеді. Билік пен халық арасындағы көпірге айналған газетте 120-ға жуық қызмет­кер бар. Қазақ халқы­ның біртуар азаматтары мен зиялылары­ның басшылық етуі Cumhuriyet газетінің тарихын еске салады» делінген мақалада.

Сонымен бірге газе­тіміздің сайты үш тілде хабар тарататыны, латын қарпінде арнайы беттер шығып тұраты­ны туралы жазылған. «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлімен сұхбаты жарық көрген.

газет