Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Бұқаралық спорт – басты назарда

194 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Саламатты өмір салты мен адамның өз ден­саулығы үшін жауап­кер­шілігі қағидаты – ден­­­саулық саласындағы және халықтың күнделік­ті тұр­мысындағы мемле­кет­тік саясаттың ең бас­ты мәселесі болуы тиіс. Бұл орайда Елбасы Н.Назар­баев Жолдауында тиіс­ті министрлік пен әкімдер­ге нақты міндеттер жүк­теп, 2020 жылға қазақ­стандықтардың 30%-ы бұ­қаралық спортқа тартылуы керектігін айтқан болатын.

Бұқаралық спорт – басты назарда

Түркістан облысында бұ­қа­­­ра­лық спортты дамы­ту мақ­сатында биылдың бірінші жар­­­­­тыжылдығында 2310 іс-ша­­­­­ра өткізіліп, оған 265442 адам қатысқан. Ал облыс­та де­­не­­шынықтыру және спорт­пен тұрақты түрде шұғыл­да­ну­шылар саны 587 220-ға жетіп, тұрғындардың спортпен қам­тылуы 29,5% болған. Яғни, Жол­­дауда жүктелген тапсырма орын­­далуға жақын. Жалпы өңір тұрғындары спорт­қа жақын, әрі қолайлы ауа райы мен жа­салған жағдайлар жыл бойы денешынықтырумен айналысуға мүмкіндік береді. Бүгінде облыс көлемінде 4281 спорт нысаны тіркелген. Сондай-ақ 64 (оның ішінде: 15 облыстық, 49 қалалық және аудандық) мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс істеуде. Облыстық де­не шынықтыру және спорт бас­қар­масының басшысы Полат Қы­рықбаевтың айтуынша, өңір­де 52 (26 олимпиадалық, 26 олимпиадалық емес) спорт түрі дамытылуда. Өңір спор­ты­ның деңгейін жеңісті жолдардан да аңғаруға болады. Мы­салы, өткен жылы облыс спортшылары еліміздің чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 387 алтын, 382 күміс, 365 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында 73 алтын, 58 күміс және 38 қола ме­даль­ға, ал Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 32 алтын, 15 күміс және 16 қола медаль же­ңіп алды. Биыл­дың өзінде, яғни бірінші жартыжылдықта об­лыс спортшылары ел чемпионаттарына қатысып, 155 алтын, 137 күміс, 161 қола медаль жеңіп алған. Азия чемпио­наттары мен кубоктарында 47 алтын, 5 күміс және 3 қола медальға қол жеткізсе, Әлем чем­пионаттары мен кубокта­рында 8 алтын, 5 кү­­міс және
1 қо­ла медальға ие болды. Жыл ба­сынан бері 2 ха­лық­аралық дәре­жедегі спорт шебері, 4 ҚР спорт шебері, 116 спорт шеберіне үміт­кер дайындалған. Еліміздің ұлт­тық құрама командасының негізі құрамында өңірден 454 спорт­шы, жастар құрамасында – 400, жасөспірімдер құрамасында – 370, жалпы 1224 спортшы бекі­тілген.

– Спортшылардың, соны­мен қатар жаттықтырушы­лардың ең­бегінің нәтижесін, әрине түр­лі жарыстарда бағалауға бола­ды. Мысалы, биыл ақпан-қыр­күйек айларында спорттың 40 түрінен елі­міздің V жазғы Спар­такиа­дасы, республикалық ке­­шенді жарысы өтуде. Қа­­зіргі таңда, Түркістан об­лысының спорт­шылары 33 спорт түріне қатысып, 26 а­л­тын, 23 күміс, 35 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 6 орында тұрақтады. Өз өңірімізде немесе Шымкентте өтетін жарыстардың біз үшін маңызы зор. Жарыстың жоға­ры деңгейде өтуіне жауап­кершілік пен жергілікті жан­күйер алдында жеңіске жету еселі еңбекті қажет етеді. Бұл орайда 52 спорт түрінен 58615 спортшыны 1791 жат­тықтырушы дүбірлі до­да­ларға дайындап жүргенін ай­та ке­тейін, – дейді Полат Қы­рық­баев.

Иә, өңірдегі жарыстардың жөні бөлек, ауылдасының алдында ұятқа қалмас үшін де әрбір спортшы барын салады. Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Б.Саттархановты еске алуға арналған 2001-2002 жылдары туған өрендер арасындағы халықаралық жарыс Түркістан қаласында өткізілген болатын. Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өз­бекстан, Әзірбайжан мем­ле­кет­тері мен еліміздің барлық өңі­­рінен 150 спортшы бақ сы­на­ған жарыс қорытындысы бойын­ша жалпыкомандалық 1-орынды Шымкент қаласы, 2-орынды Түркістан облысы, 3-орынды Алматы облысының ко­мандасы иеленді. Сидней Олим­пиадасының чемпионы­ Е.Ыбраимовтың, Афины Олим­­­­­­­­пиадасының чемпионы­ Б.Артаев, Әлем чемпионы­ Б.Жақыповтың жанкүйер және қо­нақ ретінде қатысуы да жергі­лікті жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра түс­кені анық. Облыс орталығы немесе үшінші мегаполисте ғана емес іргелі жарыстар ауылдарда да ұйым­дастырылуда. Мысалы, Ор­­дабасы ауданы, Темір­лан ауылында қазақ күре­сінен ересектер­ арасында даңқты ба­луан Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға ар­налған халықаралық тур­нир өтті. Аталған турнирге елі­міздің барлық өңірі мен Ре­­сей, Өзбекстан, Моңғолия мем­­­­лекеттерінен 300-ге жуық спорт­шы қатысты. Түйе балуан­ са­йысында жеңімпаз атанған ал­матылық Руслан Әбдразақовқа Түр­кістан облыстық қазақ кү­ресі федерациясы тарапынан жаңа «Нива» автокөлігі тарту етіл­ді. Ал Кентау қаласында триа­т­лоннан ересек спортшылар арасында Қазақстан Рес­публикасы кубогының І ке­зеңі өтті. Тартысты өткен жарыс­та жалпыкомандалық 1-орын­ды Ақмола облысы, 2-орынды­ Алматы қаласы және 3-орынды Шымкент қа­ласы иеленді. «Осындай жарыс­тардың ұйым­дастырылуы спорт­шыла­ры­мыз­дың кәсіби деңгейін кө­теруге және жергілікті тұр­­­­­­ғындардың бұ­қаралық спорт­қа қызығушылығын арт­тыра түсуге ықпал етеді. Әсіресе, жастардың бос уа­қытын тиімді пайдалануына оң әсерін тигізері анық. Об­лыста 2018-2020 жылдарға арналған кешенді аймақтық жоспарға сәйкес, денсаулық сақтау, білім, отбасы балалар және жастар істері жөніндегі бас­қармалармен бірлесе жұ­мыс­тар жүргізілуде. Қазіргі уа­қытта білім мекемелеріндегі 6428 спорт секциясына 162 792 оқушы қамтылып, ол 35%-ды құрап отыр. Басқа да салаларда түрлі жарыс­тар ұйымдастырылып келеді. Тұрғындардың спортқа ден қоюына, кәсіби спорттың өңірде дамуына облыс әкімдігі үнемі қолдау көрсетіп келеді. Облыс әкімі Ө.Шөкеев жеңім­паздарды қабылдап, спортшылармен кездесулерде пікір алмасып, саланы дамыту мақсатында атқарылуы тиіс жұмыстар жөнінде өз көз­қарасын білдіруде. Біз үшін еліміздің намысын әлемдік, ха­лықаралық ареналарда қорғап, абыройымызды асқақтатын спорт­шыларымыздың да, өз ден­саулығын нығайту мақса­тында арнайы нысандарда денешынықтырумен айналысып жүрген азаматтарымыздың да көбейгені маңызды», – дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев.

 

Түркістан облысы