Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Алматы қазынасын ұлғайту жөніндегі қосымша шаралар талқыланды

259 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Кеше  Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен Алматы қаласы ӨКП төрағасы Нариман Әбілшайықовтың қатысуымен шағын және орта бизнесті қолдау және олардың қала экономикасына қатысу үлесін кеңейту жөніндегі қосымша шаралар туралы брифинг өтті. 

Алматы  қазынасын ұлғайту жөніндегі қосымша шаралар талқыланды

Қала бюджетін толықтыру құрылымы ерекше. Қалада 185 мың ШОБ субъектісі бар. Халықтың үштен бірі кәсіпкерлік салада жұмыс істейді. ШОБ кірістері қаланың ЖӨӨ-нің 40%-ын құрайды, бюджеттің 60%-ы ШОБ-тен түсетін түсімдер есебінен қалыптасады. Яғни, қаланың әлеуметтік қолдауының экономикалық базасын ШОБ құрайды.

Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаевтың шешіміне сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШОБ-тан түсетін корпоративті табыс салығы жергілікті бюджеттерге беріледі. Бұл дегеніміз ШОБ көп болған сайын қала бюджетіне түсетін түсімдер соғұрлым көп болады.

Демек бұл шешім «Шетсіз қала» қағидасы бойынша аудандардың тең дамуы үшін ресурстық базасын құрайды. Әкімдіктің негізгі ұстанымы барлық аудан тұрғындары үшін тең жағдайда өмір сүру сапасын жақсарту. Осыған орай қала әкімдігі ШОБ-ты барынша ауқымды дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Ол үшін қосымша резервтер мен өсу нүктелері анықталды.

«АЛМАТЫ – 2020» бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі болып «Бизнес пен жеке капиталға арналған қала» саналады.

Бағдарлама аясында мына бір шаралар топтамасы іске асырылмақ:

  • «Алматы» ӘКК жұмыс істейді; • «Almaty Invest» инвестициялар тарту орталығы құрылды; • Қаланың 6 ауданында бөлімшелері бар «Qoldaý»кәсіпкерлік орталығы құрылды; • «Almaty Finance» қаржылық компаниясы және «Almaty» микронесие ұйымы құрылды. Бұлар пайыздық мөлшерлеменің сараланған саясатын жүргізеді. Қаланың орталық бөлігінде ШОБ үшін 7%, шеткі аймаққа 2%. Несиелеу аясында 2019 жылдың соңына дейін 2 млрд.теңге, ал 2020 жылы 10 млрд.теңге бөлінеді;
  • ШОБ-ты қаржылық қолдау көлемін 3 есеге ұлғайту (10,5 млрд.теңгеден 31 млрд.теңгеге дейін);
  • «Алматы Бизнес 2025» бағдарламасы аясында жыл сайын 20 мың кәсіпкерді оқыту.

Бұл ретте кәсіпкерлер ШОБ-тің дамуына кедергі келтіретін бірқатар факторларды атап өтті. Олар:

-  Сұраныстың төмендеуі;

- Бизнесті құру және дамыту үшін әкімшілік кедергілер; - Қызмет көрсету мен сауда жүргізу үшін қолжетімді инфрақұрылымның жоқтығы; - ШОК субъектілерінің, әсіресе ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің сауаттылығының төмендігі.

Мысалы, кәсіпкерлердің мәліметінше, Қонаев пен Байтұрсынов көшелерінің екі жағына веложолдарды енгізу осы көшелерде орналасқан ШОБ кәсіпорындарының жағдайына кері әсерін тигізеді. Олардың қатарына сауда, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау және т.б. кәсіпорындар кіреді. Келетін клиенттердің саны төмендеп, түсім көрсеткіші қысқарған. Бұл өз кезегінде ШОБ кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізуде. Алматылық кәсіпкерлердің айтуынша, веложолдардың кесірінен клиенттердің көлігін қоюға жер жоқ. Сол себепті олардың келуі де азайған. Велосипедке арналған жолақ жолдың екі жақ шетінде орналасқан. Бұл – көлік тұрағына үлкен кедергі келтіреді.

Қонаев көшесінде 392 нысан орналасқан. Шығыс жағында 115 нысан, батыс жағында – 277. Соның ішінде бүгінгі күні 11 нысан («ArtDFlowers» гүлдер дүкені, «Jewelmer» зергерлік бұйымдар салоны, «Визит» сұлулық салоны, «Милана» киім бутигі) және т.б. жабылды. «Дом Одежды Восход» сауда үйінде барлығы 99 бутик бар. Бүгінде 49 бутик жұмыс істейді. 2018 жылдан бастап 50-ге жуық бутиктер (балалар және әйелдер киімі бутигі, ыдыс пен төсек-орын бутиктері) жабылды.

Мысалы, сусындардың көтерме және бөлшек саудасымен айналысатын «SAB TRADE COMPANY» ЖШС-нің кірісі (Қонаев көшесі, 153 Шевченко көш.қиылысында орналасқан «TOIMART» ЖШС) 3 есе төмендеген. Демек салық аударымдары да 3 есеге қысқарды (2016 жылы – 233 762 900 теңге. 2017 жылы – 164 851 700 теңге. 2018 жылы – 62 447 800 теңге). «Grand Hotel Tien Shan» қонақ үйінің табысы 2 есеге, 2017 жылы – 22 955 500 теңге, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында – 4 572 200 теңгеге түсті. Сондай-ақ, «Dolcetto» мейрамханасының табысы («Хан» ЖК, Қонаев көшесі, 114) 3 есе төмендеді (айналым айына 15-18 млн.тг-ден 5-6 млн.тг-ге дейін), жұмыс орындары 33-тен 19 адамға қысқарды.

Байтұрсынов көшесінде 255 нысан орналасқан:

– қарама-қарсы бетте – 107 нысан, атап айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың мұражайы үйі, Никольский соборы, Никольский базары, гүл базары, Алматы технологиялық университеті, Depo Evolution.

– батыс жағында – 118. Олар: Алматы қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы, Шет тілдер педагогикалық колледжі, Қазақ спорт және туризм академиясы. Бұл жерде 2 нысан (Мастер донер мен дәріхана) жабылды. Байтұрсынов к-сі, 16 мекен-жайындағы әкімшілік ғимаратта (шығыс жағы) веложол жолағы енгізілгенге дейін 20 жалдаушы болса, бүгінгі күні 9 жалдаушы қалды. 2018 жылдан бастап 11 жалға алушы жалдау шартын бұзды. (2 тіс емханасы, «Логистик центр» ЖШС, «Вольфрам» ЖШС, оқу орталығы және т.б.). Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «SprintR» ЖШС де келісім-шартты бұзады (жұмыс орны – 30).

Мысалы «Manga sushi» мейрамханасының (Байтұрсынов, 78 шығыс жағы) салық аударымдары 27,9% төмендеген. (2017 жылдың 1 жартыжылдығында – 3,2 млн, 2019 жылдың 1 жартыжылдығында – 2,3 млн) келушілердің саны 9 654 адамнан 8 429 адамға дейін қысқарып, 12 қызметкер жұмыстан босатылды (бұрын 34 адам болса, қазір 22).

«ЖанЕр.Д» кафесінің (Байтұрсынов көшесі, 44, шығыс жағы) салық аударымдары 2017 жылы 26,6 млн.тг, 2018 жылы 17,4 млн қысқарды. «Oriental» асханасының (Байтұрсынов, 89) салық аударымдары 2017 жылы – 1,7 млн 2018 жылы – 1,1 млн

Осыған байланысты Алматының Қоғамдық кеңесі Қонаев пен Байтұрсынов көшелеріндегі веложолды Шевченко көшесіндегідей екі жаққа бағытталатындай етіп көшенің бір жағына орналастыруды ұсынуда. Ал көшенің екінші бетіне көлік тұрағын қарастыруды жөн деп отыр. Бұл шара кәсіпкерлер үшін де, велоәуесқойлар үшін де тиімді болмақ. Сондай-ақ, тұрақ орындары қалпына келтірілсе, Қонаев көшесі бойында 300-ге жуық, ал Байтұрсынов көшесі бойында 150-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылуы мүмкін деп болжануда.

АЛМАТЫ