Спорт • 20 Тамыз, 2019

Футзал: «Қайрат» «Каспий кубогына» қатысады

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-25 қыркүйек аралығында Ресейдің Астрахань қаласында футзалдан «Каспий кубогы» жолындағы жарыс өтеді.

Футзал: «Қайрат» «Каспий кубогына» қатысады

Каспий теңізі жағалауында орналасқан төрт мемлекет өкілдерінің қатысуымен өтетін айтулы турнирдің деңгейі жоғары болатыны даусыз. Себебі, Астраханьдағы доп додасында бақ сынауға бел буған командалардың барлығы да мықты. Атап айтсақ, Ресей – әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Еуропа чемпионы және сол жарыстың сегіз дүркін жүлдегері. Иран – әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның 11 дүркін чемпионы. Әзірбайжан дүниежүзілік доданың ширек финалында және құрлық біріншілігінің жартылай финалында өнер көрсетті. Ал Қазақстан – Азия чемпионатында екі рет және Еуропа чемпионатында бір рет жүлде алған команда.

 

Жерлестеріміз өздерінің алғашқы кездесуін 22 қыркүйекте Иран құрамасына қарсы өткізеді. Келесі күні Ресеймен күш сынасамыз. Жарыстың соңғы күні Әзірбайжанмен шеберлік байқасамыз.    

 

Соңғы жаңалықтар