Тағайындау • 20 Тамыз, 2019

Ерлан Бекхожин «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Хабар» Агенттігі Ерлан Қалижанұлы Бекхожиннің «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалғанын хабарлайды.

Ерлан Бекхожин  «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ерлан Қалижанұлы Бекхожин 1963 жылы 6 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «журналист», Орталық Азия университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

1985-1992 жылдары Қазақ радиосының «Панорама дня» ақпараттық бағдарламасын жүргізген.

1992-1994 жылдары Қазақ телевизиясында комментатор, ақпараттық бағдарламаларда бас рекдактордың орынбасары қызметін атқарған.

1994-1997 жылдары - «Хабар» агенттігі ақпараттық бағдарламалар жүргізушісі және «Жеті күн» ақпараттық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі.

1998-2003 жылдары - Қазақстан Республикасындағы «Мир» халықаралық телерадио компаниясының директоры.

2003-2009 жылдары «Литер-Медиа» ЖШС бас директоры, «Литер» және «Айқын» газеттері редакциялық кеңестерінің төрағасы болды.

2009 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Президенті Телерадио кешенінің («Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы)  бас директоры.

2016 жылдың 29 желтоқсанынан бастап «Бас редакторлар клубының» президенті қызметіне  тағайындалған.

«Құрмет» орденінің иегері (2006). «Жылдың үздік журналисі» номинациясы бойынша «Алтын Жұлдыз» сыйлығының лауреаты (1996), Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, Ресей (1997) және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2000), БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреты (2008).