Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Мәжіліс депутаттары Таразда кәсіпкерлермен кездесті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжіліс депутаты Марат Бопазов Жамбыл облысына сапары барысында Тараз қаласындағы кондитерлік фабрика жұмысымен танысты. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс депутаттары Таразда кәсіпкерлермен кездесті

Осыдан екі жыл бұрын жабдық және коммерциялық жылжымайтын мүлікті қайта жаңартып, вафли өндіретін желі сатып алуға несие алған фабрика бүгінгі таңда жылына 2160 тоннаға жуық өнім өндіруде.

Халық қалаусымен кездесуде кәсіпкерлер зауыттың жұмысы мен тыныс-тіршілігі  туралы жан-жақты айтып, фабриканың жоба құны 850 миллион теңге болатын  екінші кезеңінің құрылысы аяқталуға жақын екендігіне тоқталды.

Жоба биыл іске қосылып, кәсіпорынның толық жылдық қуаты 4500 тонна болады деп жоспарлануда. Осыған орай, тағы жетпіс адамдық жұмыс орны ашылған. Жобаның екінші кезеңі осы жылдың аяғында пайдалануға берілмек.  Сонымен қатар биыл жаңа корпус құрылысы мен жаңа өндірістік желілерді сатып алу көзделген. Заманауи жабдықтарды іске қосу кәсіпорын қуаттылығын 4500 тоннадан 12 000 тоннаға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ, өнімдерді экспортқа шығаруға жол ашып, қосымша 170 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Бұл «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қомақты қаржыға несие алып, жұмысын жандандырып отырған кәсіпорын өңір экономикасын арттыруға өз үлесін тигізіп отырғанын көрсетеді.

Осыған сәйкес, Мәжіліс депутаты мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке көрсетіліп жатқан қолдаудың маңыздылығына мән берді.