Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Елордада Ұлттық үстел ойындарының фестивалі өтті

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлттық үстел ойындарының фестивалін өткізді. Бұл туралы ҚХА баспасөз қызметі хабарлады.

Елордада Ұлттық үстел ойындарының фестивалі өтті

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаев, Ассамблеяның және ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен жастар қозғалысының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала қонақтары қатысты.

Фестивальдің негізгі идеясы – Қазақстан халқының мәдени құндылықтары мен тіл алуандығын көрсету, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, этнос өкілдері арасында тығыз байланыс пен достық қарым-қатынас орнатып, әртүрлі ұлттың ойындарын үйренуге, мәдени мұраларымен танысуға мүмкіншілік жасау. Сондай-ақ үстел ойындарының шығу тарихы мен пайдасы туралы әңгімелеу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұйытқы болу.

Фестиваль барысында үстел ойындары шеберлерімен кездесу ұйымдастырылып, шеберлік сыныптары өткізілді. ҚХА этномәдени бірлестіктері шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Соңынан жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, алғысхаттар тапсырылды.