Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Қостанай жоғарғы оқу орындары полицияға кадрлар даярлайтын болады

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының полиция департаменті мен 6 ірі ЖОО арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай жоғарғы оқу орындары полицияға кадрлар даярлайтын болады

Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаевтың айтуынша, құжат облыстың оқу орындары мен Ішкі істер министрлігі арасындағы ғылыми ынтымақтастықты реттемек.

«Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап патрульдік полиция қызметкерлеріне жалақы 65 пайызға, жедел қызметтерге 55 пайызға өсті. Сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу үшін 20 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін өтемақы қарастырылған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне, құқық қорғау органдарының ардагерлеріне тегін медициналық қызмет көрсетіледі», деді полиция полковнигі.

Құжатқа «2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын» жүзеге асыру шеңберінде қол қойылды, жұртшылықпен тиімді өзара іс-қимыл, халықпен жұмыстың жаңа форматы, құқық қорғау органдарының кадрларын іріктеу және даярлау ондағы басым бағыттардың бірі  болып табылады.

«Біз меморандум аясында біз ЖОО-ның студенттерін жұмысқа орналастыру және тәжірибеден өту туралы нақты келісімдерге қол жеткіздік. Ынтымақтастық шеңберінде біз оқу жоспарларын түзетіп, жұмыс берушінің тілектерін ескереміз. Жыл сайын екі мыңнан астам заңгер даярлаймыз және бұл бағыт есептік мекемеде аса талап етілген», деді Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы директорының орынбасары Наталья Нализко. Бұдан әрі меморандумның міндеттерін іске асыру үшін бірлескен іс-шаралар жоспары жасалады.

 

Қостанай