Аймақтар • 21 Тамыз, 2019

Павлодар облысында 31 мың көлік иесі салық төлемеген

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, салықты төлеу мерзімі заң бойынша 31 желтоқсанға дейін белгіленген.

Павлодар облысында  31 мың көлік иесі салық төлемеген

Салық уақытында жиналса, қарыздың басым бөлігі бюджетке түсетіні белгілі. Сондықтан, талапты күшейтіп, салық төлемегендердің көліктерін айып тұрағына апаратын шара қажет.

Алдағы  күндері бұл мәселеге орай  облыс әкімдігінде арнайы отырыс өткізілмек.

Ал, салықтық емес түсімдер бойынша бюджеттің көп бөлігін әкімшілік полиция салатын әкімшілік айыппұлдар құрап отыр. Жеті айда 519,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 72,3 пайызы өндіріліпті.

Облыстық қаржы басқармасының мәліметінше, облыстық бюджеттің болжамды көрсеткіштері орындалғанымен, Екібастұз бен Ақсу қалаларында орындалмауы да мүмкін.

- Жалпы, қалалар мен аудан әкімдері қосымша түсім көздерін іздестіруде жұмыс жүргізулері қажет. Ғимараттарды, активтерді жалға беру, бәсекелестік ортаға шығару ісіне мән берілуі тиіс, - деген тапсырма берілді облыс әкімі Б.Бақауовтың тарапынан.

Бұл көлеңкелі экономикаға жол жоқ деген сөз. Бизнес нысандары бақылау-кассалық машиналарды пайдалануға көшірілуде. Облыста олардың 70 пайызы құрылғыны қолдануда. Сатудан түскен қаржыны кәсіпкерлердің жасыруына мүмкіндік болмайды.

Ал, бюджетті өсуі-бюджеттік саясаттың міндеті. Бұл мақсат тек мемлекеттік кіріс департаментінің ғана емес, барлық құзырлы органдарға қатысты екені белгілі.  

 

ПАВЛОДАР